2025 жылғы 26 маусымда «Сервис-ЖАРС» ЖШС (Қызылжар ауданы, СҚО) өндірістік танаптарында «Солтүстік Қазақстанның орман-дала аймағындағы жайылымдардың өнімді әлеуетін арттырудың және ұтымды пайдаланудың тиімді технологиялары» тақырыбында Дала күні өткізілді.
Іс-шара ҚР АШМ БМҚ ҒТП 2024-2026 жылдарға арналған BR22883585 «Өнімді әлеуетті арттыру мен жайылымдарды ұтымды пайдаланудың тиімді технологияларын әзірлеу» шеңберінде өткізілді.
Іс-шараның спикерлері іс-шараның ғылыми жетекшісі а./ш.ғ. к., профессор Шаяхметова А. С. және жұмыс тобының мүшелері болды. Іс-шараға қатысушылар-СҚО АӨК өкілдері, М. Қозыбаев атындағы СҚУ ПОҚ, магистранттары мен студенттері болды.