Сөздәйектер галереясы
Ештеңені білмейтін, ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын. Өйткені оның бойында екі кесел бар: бірі-топастық, екіншісі-жалқаулық.
70 тыңдаушы Foundation факультетіне түсті
14 қыркүйекте тілдік даярлық курсына үміткерлер арасында «OES» прокторинг-жүйесі арқылы Foundation факультеті қабылдау емтиханын өткізді. Емтихан ұлты қазақ шетел азаматтары мен ҚР азаматтарын дайындық бөліміне қабылдау үшін ұйымдастырылды. Жалпы 70-тен аса өтініш түсті.
Алыс-жақын шетелдегі қандастар Zoom және WeChat платформалары арқылы тапсырды. Ал Иран және Қытайдан келген 3 үміткер офлайн форматта қатысты. Тыңдаушылар қатарын Басқарма Төрағасы– Ректор Ербол Исақаев құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады. Айтып өткен жөн, биылғы оқу жылында Foundation факультетіне барлығы 70 грант бөлінді. 50-і Қытай, Иран, Өзбекстан, Моңғолия шетел азаматтарына және 20-сы Қазақстан Республикасының азаматтарына.



