Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
"Қызылжар Сүт"ЖШС сүт-тауар фермасына экскурсия
Бүгін солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің (ҚХР) магистранттары "Қызылжар Сүт" ЖШС сүт-тауар фермасына барды. Бұл кәсіпорын Агротехнологиялық факультеттің стратегиялық серіктесі болып табылады. Экскурсия барысында магистранттар фермада жануарларды азықтандыру және күтіп-бағу технологиясымен, фермада пайдаланылатын сиырларды сауу процесімен және сауу жабдықтарымен танысты, мал азығына арналған пішендеменің жаңа егінін дайындаудың технологиялық процесін зерттеді. Шетелдік магистранттардың барлық сұрақтарына ферма зоотехнигі - Д. Б. Жүсіпов жауап берді.Экскурсия өткізгені үшін сүт-тауар фермасының басшылығына зор алғысымызды білдіреміз.
