"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Өзінен бұрынғылар айтқан пікір, ғылыми қорытындыларын бүкпей де, бүркемей де әділ бағасын беру, дұрысын қолдап, терістігін сынай отырып іздену арқылы ғана ғылым ілгерілемек.

Қажым Жұмалиев

"Педагог-психолог" мамандығының кәсіби құпиясы

«Педагогика және психология» кафедрасының кәсіби жұмысының бір бөлігін Петропавл қаласындағы Қожаберген Жырау атындағы №6 орта мектебі, №25 орта мектебі, М.Жұмабаев атындағы IT-лицей мектебі, №8 орта мектептерінен 25 оқушыларына арналған Тeambuilding, «Келдім – көрдім – ойландым» имидждік-таныстыру квестін өткізуді ұйғарды. Квест «Күрделі қоғамдағы психология ресурстары», «Педагог мамандығының философиясы», «Kozybayev University-ге түсу және оқыту лайфхактары» атты үш станциядан тұрды. Мұндай квест ойындары біздің кафедраның дәстүріне айналады, өйткені біз педагог-психолог маманының жұмыс бағыттары мен әдіс-тәсілдерімен таныстырдық. Әрбір жаңа квестті оның қатысушыларының ұсыныстарына сәйкес жақсартатын боламыз, олардың ішінде тек жоғары сынып оқушылары ғана емес, сонымен қатар олардың педагогтары да қатыса алды. Оқушыларға педагог-психолог мамандығына қызығушылықтарын оятқан мұндай формат үлкен септігін тигізді.  Мектептегі жоғары сынып оқушыларына біздің мамандық туралы біліп, танысып, педагог-психологтың жұмыс әрекетінен хабардар ету мақсатында ары қарай жұмыс жалғасуда. Мамандыққа қызыққан түлектерді арнайы ват-сапп чатына қостық.

Кафедра пп
23.01.2023