"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

"Германия мысалындағы органикалық егіншілік"

Кафедра студенттері мен оқытушыларына Logo қауымдастығының (Германия) қызметкері Алена Лемберг "Германия мысалындағы органикалық егіншілік" тақырыбында қонақ дәрісін өткізді. Алена өз тәжірибесімен бөлісіп, ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру және оны Германияда қайта өңдеу туралы айтты. Студенттер мен ПОҚ дәрісті үлкен қызығушылықпен тыңдады! Аленаға танымдық дәрісі үшін алғыс айтамыз!

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта біздің факультеттің 12 студенті Logo бағдарламасы бойынша Германияда өндірістік тәжірибе өтуде!

Кафедра ажош
05.10.2022