"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

Ж-Ж.Руссо

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДАҒЫ ЖЕҢІС!

Халықаралық байқаудың ғылыми-зерттеу инсайт номинациясы бойынша 1 дәрежелі дипломымен «Менеджмент» мамандығының 3 курс студенті Айсин Олжас марапатталды.

Олжас  - Тарих, экономика және құқық факультетінің студенттік деканы, "Аверс" студенттік ғылыми қоғамының белсенді қатысушысы, бірінші курстан бастап ғылыми қызметпен айналысады, мақалалар жариялайды, СНО отырыстарында, конференцияларда баяндама жасайды, Республикалық студенттік олимпиадалар мен халықаралық конкурстарға бірнеше рет табысты қатысты.

Халықаралық конкурсқа  Олжас «Шаруашылық жүргізуші субъектінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде басқарушылық шешімдер қабылдаудың қаржылық аспектілері»  тақырыбындағы өзінің курстық жұмысымен қатысты.

Жұмыстың өзектілігі мен мазмұнын тәуелсіз сарапшылар жоғары бағалады, бұл лайықты марапатпен расталды..

Олжасты кезекті лайықты марапатымен құттықтаймыз!

Кафедра қжм
02.07.2022
Кафедра ФиМ