"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

...Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады.

Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани

«ҚАРЖЫ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ» КАФЕДРАСЫ ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫН ӨТКІЗУГЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСАДЫ

      Kozybayev University  «Қаржы және менеджмент»  кафедрасы Atyrau University «Қаржы және есеп» кафедрасымен бірлесіп «Үй шаруашылықтарының қаржылық тұрақтылығының мәселелері» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өткізді.              Kozybayev University «Қаржы және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, экономика бойынша PhD докторы, доцент Байтенизов Д. Т. құттықтау сөз сөйледі. Ғылыми іс-шараны өткізуге кафедраның ПОҚ белсенді қатысты. 

      Ме-19 («Менеджмент» ББ) және Фс-20 («Қаржы» ББ) топтарының білім алушылары баяндамалар ұсынды және дөңгелек үстел мәселелерін талқылауға қатысты. Конференция барысында студенттерге сұрақтар қойылды, бұл қызықты диалогқа әкелді.

      Дөңгелек үстел жүргізушілері баяндамалар мен пікірталастардың шағын қорытындысын шығарды, зерттелетін мәселенің себептері мен сипаты және шешу тұжырымдамасы туралы негізгі тұжырымдар жасады.

Кафедра қжм
12.04.2022
Кафедра ФиМ