Сөздәйектер галереясы
Өзінен бұрынғылар айтқан пікір, ғылыми қорытындыларын бүкпей де, бүркемей де әділ бағасын беру, дұрысын қолдап, терістігін сынай отырып іздену арқылы ғана ғылым ілгерілемек.
Қажым Жұмалиев
Кәсіби бағдар беру кездесуі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №250 мектеп-лицейі оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының студенті Төлегенова Гүласыл өзі оқыған мектебінде оқушыларды біздің университетке оқуға түсуге шақырды. Факультет мамандықтары, артықшылықтары (шет елдерде өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігі, академиялық ұтқырлық, қос диплом алу мүмкіндігі т.б.), болашақ студенттерге берілетін мол мүмкіндіктер жайында сөз қозғады.
Кафедра ажош
04.01.2022