Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

"Педагогика және психология" кафедрасы "Студенттік ғылым-2021" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.

2021 жылы 10 желтоқсанда «Педагогика және психология» кафедрасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Студенттік ғылыми-2021» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырды. Қазақстан Республикасы мен Ресейдің 8 жоғары оқу орындарының әріптестері, студенттері мен магистранттары ғылыми еңбектерін ұсынды. Конференцияға барлығы 70 мақала келіп түсті.

Пленарлық отырыста М.Қозыбаев ат. СҚУ «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі - Н.Г. Павловская құттықтау сөз сөйледі. Іс - шараның модераторлары 7М01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары - К. Дюсембекова, Т. Бекмағанбетова болды.

Конференция аясында студенттер мен магистранттардың психологиялық-педагогикалық тақырыптағы ғылыми зерттеулері бойынша баяндамалар тыңдалынды.

Өз баяндаларында қашықтықтан оқыту, мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің әлеуметтенуі, ЖОО-да білім алушылардың өзіндік жұмысының сапасын басқару кезіндегі балалар мен ересектердің өзара қарым-қатынасы мәселелерін және басқа да көптеген өзекті мәселелері қозғалынды.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар конференцияны ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтіп, одан әрі бірлескен ынтымақтастықты жалғастыру туралы тілек білдірді. 

14.12.2021