"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

«ТОҒЫЗ ҚҰМАЛАҚ». ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

13 қазан күні Kozybayev University-де студенттер мен магистранттар арасында "Тоғыз құмалақ" бойынша жарыс өтті.  «Тоғыз құмалақ»  - ежелгі түркілерде қасиетті саналатын 9 саны негізге алынған ежелгі қазақ үстел ойындарының бірі. Жарыс "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға арналған студенттер Спартакиадасы аясында өткізілді.

1 орынды Фс-20қ тобының "қаржы" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын бірінші курс студенті Айдарбек Адина иеленді.

"Қаржы" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын үшінші курс студенті, Фс-19қ тобы Садвакасова Мадина 3-ші орынға ие болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Біз сізді мақтан тұтамыз!

Кафедра қжм
19.10.2021
Кафедра ФиМ