«Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының магистрі, аға оқытушысы Каспакбаев Е.М. «Кондратовка тәжірибе - көрсеткіш орман питомнигі» ЖШС кафедра бөлімшесінің базасында «Орман дақылдары» пәні бойынша 6В08301 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» ББ студенттері үшін тәжірибелік сабақ өткізді.
Негізгі мақсаты - СҚО-ның негізгі орман құраушы тұқымдарымен және отырғызу материалдарымен танысу.