"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

"Қашықтықтан білім беру технологиялары жағдайында патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеудің заңнамалық негіздері"республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

2021 жылдың 16 сәуірінде "Дене және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі" кафедрасының ұйымдастыруымен "Қашықтықтан білім беру технологиялары жағдайында патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеудің заңнамалық негіздері" Республикалық ғылыми – практикалық конференциясы өтті. Конференция жұмысына  "Дене және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі" кафедрасының оқытушылары,  Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Д. М. Карбышев атындағы № 40 орта мектебі  жанындағы АӘД оқу орталығы, "Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 28 мектеп-гимназиясы", НОВОНИКОЛЬСКАЯ ОМ КММ,  "ЖТЖОО" КММ Петропавл қ.; Ақмола облысы, Целиноград ауданы білім беру бөлімінің 9 ОМ КММ, "Родник" балалар сауықтыру лагері " КМҚК,"Есіл ауданының білім беру бөлімі" КММ; Петропавл теміржол көлігі колледжі мұғалімдері қатысты.

Кафедра дшжс
04.10.2021
Кафедра ТМФВ