![]() Оқытушылар |
![]() Білім алушылар рейтингісі |
![]() Факультеттер мен институттар |
![]() Университет құрылымы |
![]() Электронды ректорат |
![]() Репозиторий |
1 наурызда Қазақстан ең жарқын мерекелердің бірін атап өтеді. Бұл 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар тұ...
Спорт және денсаулық
2020-2021 оқу жылына арналған студенттер арасындағы спартакиада күнтізбесі
2020-2021 оқу жылында жатақханада тұратын студенттер арасындағы спартакиада күнтізбесі
2020-2021 оқу жылындағы ПОҚ және қызметкерлер арасындағы спартакиада күнтізбесі
Университетте жаппай спорттық жұмыстарды жүргізу үшін қажетті база бар. Қазіргі уақытта 3 спорт залы (олардың ішінде 2 ойын залы, 1 гимнастикалық зал), 3 жаттығу залы, 1 күрес залы, гір залы, тир, жүзу бассейні, коньки және шаңғы базасы, шағын футбол ойнауға арналған спорт алаңы жұмыс істейді. Жыл сайын жаппай спорттық жұмыстарды жүргізу үшін және ЖОО-ның құрама командасы қысқы және жазғы универсиадаларға қатысу үшін спорт құрал-жабдықтары мен киім-кешектері жаңартылады.
Университетте студенттердің денсаулығын нығайтуға және ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамы арасында салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған жаппай спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Жыл сайын мынадай жаппай спорттық іс-шаралар өтеді:
- дәстүрлі студенттік спартакиада, жігіттерде 16 спорт түрі бойынша және қыздарда 12 спорт түрі бойынша;
- дәстүрлі «Сергектік және денсаулық» спартакиадасы, профессорлық-оқытушылар құрамы арасында 13 спорт түрі бойынша;
- жатақханада тұратын студенттер спартакиадасы, 10 спорт түрі бойынша;
- белгілі даталарға арналған жаппай спорттық іс-шаралар.
10 спорт түрі бойынша спорттық және денсаулықты сақтау үйірмелері жұмыс істейді.
Университеттің спорттық студенттер құрамасы алуан түрлі спорт түрлері бойынша ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізілетін қысқы және жазғы Универсиадалрға қатысып, жүлделі орындарға ие болады.