Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
ТЭҚФ: "Журналистика" кафедрасында "Парасат" редакциясы" атты жаңа аудитория ашылды

Kozybayev University-де жаңа аудитория ашылды, онда "Журналистика" және "PR-журналистика" мамандықтарының студенттері кәсіби дағдыларын шыңдай алады. әрі қарай оқу

16 қыркүйек 2021
АФ: Жазғы мектеп-2021

2021 жылдың 26-31 тамызы аралығында "Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасының оқытушылары АМАТУ, АММӨИ, ЧМДШжСИ (Саха Республикасы (Я), РФ) жазғ әрі қарай оқу

11 қыркүйек 2021
ПФ: Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі"атты Қазақстан халқына Жолдауы.

2021 жылғы 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Халық бірлігі және жүйелі реформалар &n әрі қарай оқу

13 қыркүйек 2021
АФ: Француздық «CEVA SANTE ANIMALE» компаниясымен бірлескен сертификаттау орталығының ашылуы

 «AVA QAZAQSTAN» компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Сeva SANTE ANIMALE» (Франция) компаниясының ресми дистрибьюторы әрі қарай оқу

26 тамыз 2021
АФ: SMART Farming-аграрлық білім беруді цифрлық трансформациялау

25.08.2021 жылы Оқушылар сарайының базасында (Петропавл қ.) «Білімді ұлт – тұрақты дамудың кепілі» білім беру қызметкерлерінің облыс әрі қарай оқу

26 тамыз 2021
АФ: МАШАВ

Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасының оқытушылары Израиль???????? СІМ жанындағы МАШАВ халықаралық орталығында "Өсімдік қорғау және суарудың о әрі қарай оқу

26 тамыз 2021
ТжӘИ: Жастарға жол!

        Биыл университет түлектері ҒТК тапсырды. РЛ - 17 түлегі Юлия Кондратьева 83 ұпай жинап, 27 тамызда өткен жас мамандардың әрі қарай оқу

09 қыркүйек 2021
ТЭҚФ: 2021 жылғы түлектерді құттықтаймыз!

Құрметті Тарих, экономика және құқық факультетінің 2021 жылғы түлектері, сіздер студенттерге арнаудан бастап бітіру біліктілік емтиханын қорғауға дейі әрі қарай оқу

26 шілде 2021
F: Халықаралық Орыс тілі күніне А.С. Пушкиннің 222—жылдығына және Абай шығармашылығына арналған әдеби мерекелік іс—шара

4 маусым 2021 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Достық үйінде Халықаралық Орыс тілі күніне А.С. Пушкиннің 222—жылдығына және Абай шығармашылығ әрі қарай оқу

07 маусым 2021
АФ: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері"

4 маусым күні Агротехнологиялық факультетте студенттер арасында ҚР Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге арналған "Қазақстан Республикасының Мемлеке әрі қарай оқу

07 маусым 2021
Барлығын оқу

"FOUNDATION" факультеті

«Foundation» факультеті уақыттың сын-тегеуіріне сай келетін, жаңа форматтағы білім беру ортасын құру мақсатында, 2016 жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ дайындық бөлімінің базасында құрылған.

«Foundation» факультеті:

  1. Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін пәндерді тереңдетіп оқыту арқылы талапкерлердің білім деңгейін арттыру саласында сапалы білім беру қызметтерін көрсетеді;
  2. Шетелдік қазақ диаспорасының өкілдері арасынан талапкерлерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында қазақ және орыс тілдерінде одан әрі оқуға дайындауды жүзеге асырады.

 Факультет әлеуметтік желілерде:

 

FACULTY NEWS

№5 оқу корпусы

Мекен-жайы: Петропавл қ., Интернационал к-сі, 26

Деканаттың телефоны: +7 (7152) 490093

 


avdolhan

 

Авдолхан Алмагүл Авдолханқызы

Факультет ДЕКАНЫ

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі


Тел.: +7 (7152) 493202, ішкі 1217; 87755481246
Аудитория: 206, 5 корпус
E-mail: a_pvl88@bk.ru
            aavdolhan@nkzu.kz


iskakova  

 

Деканның орынбасары

Тел.: +7 (7152) 490093, ішкі 1220
Аудитория: 206, 5 корпус
E-mail: 

Шыман Ғалия Кадірхожақызы

Әдіскер

Тел.: +7 (7152) 490093, ішкі 1220

Аудитория: 206, 5 корпус

E-mail: skgu.foundation@bk.ru

 

 

Оқытушылық: 206 ауд., 5 корпус


«Foundation» факультеті заман талаптарын қанағаттандыратын білім берудің жаңа ортасын құру мақсатымен 2016 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дайындық бөлімі негізінде құрылды.

 

Факультет «Foundation»:

  1. Шетелдік қазақ диаспорасы есебінен Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында қазақ және орыс тілдерінде оқу үшін талапкерлерді дайындайды;
  2. «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» педагогикалық мамандықтарына түсу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарының тілдік дайындығын жүзеге асырады;
  3. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына түсу үшін талапкерлердің білім деңгейін көтеру саласында пәндерді тереңдетіп оқыту арқылы сапалы білім беру қызметтерін көрсетеді.

Оқу үдерісімен қатар «Foundation» факультетінің тыңдаушылары университеттің спорттық жарыстар, КВН, Наурыз мейрамы, конференциялар, тақырыптық семинарлар және т. б. сияқты түрлі іс-шараларына белсенді қатысады.

Жылы психологиялық климат, біздің университеттің дамыған инфрақұрылымы, оның ыңғайлы орналасуы – осының барлығы «Foundation» факультетінің дайындық курстарында оқуды таңдауға мүмкіндік береді.

 «Foundation» факультетіне қабылдау үшін қажетті құжаттар:

  • Ректордың атына өтініш
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және нотариалды куәландырылған көшірмесі
  • Орта білім туралы құжаттың түпнұсқасы және нотариалды куәландырылған көшірмесі
  • 6 фотосурет 3х4

2021-2022 оқу жылында" Foundation " факультетіне талапкерлерді қабылдау тәртібі

Дайындық курстары

Дайындық курстары шет елдерде тұратын қазақ ұлтының өкілдері, оралмандар мен шет ел азаматтарына арналған.

Бұл курстардың мақсаты – шет ел азаматтарын Қазақстандағы өмірге бейімдеу, ҚР жоғарғы оқу орындарына түсуге дайындау, қазақ және орыс тілдерін тереңдетіп оқыту.

Жалпы дайындық деңгейін көтеру бойынша оқу үшін оқыту тілінде математикалық сауаттылық пен оқу сауаттылығынан тестілеу жүргізіледі.

Факультеттегі оқу үдерісі күндізгі оқу формасында қазақ және орыс тілдерінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, сондай-ақ ақылы негізде жүзеге асырылады. Сабақтар 1 қазаннан басталады, оқыту мерзімі 9 айды құрайды.

Дайындық курстарының тыңдаушылары жатақханамен қамтамасыз етіледі, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын тыңдаушылар шәкіртақы алады. Оқыту аяқталған соң тестілеу нәтижесіне қарай мемлекеттік білім беру гранты бойынша ҚР жоғарғы оқу орындарында білім алу құқығына ие болады.

Оқу жылы барысында тыңдаушылар келесі пәндерді оқиды:

- оқу сауаттылығы;

- Қазақстан тарихы;

- математикалық сауаттылық;

- бейіндік пәндер.

Бейіндік пәндерді таңдау кестесі

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

Биология 

Химия  

Биология 

Жаратылыстану   

Жаратылыстану

Математика  

Жаратылыстану

Шет тілі    

Химия 

Биология 

Химия 

Физика 

Тарих

Адам.Қоғам.Құқық

Тарих

Жаратылыстану

Оқыту тілі және әдебиет

Тарих

Шет тілі   

Тарих

Математика 

Жаратылыстану

Математика 

Физика

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

Қосымша пәндер:

  • орыс тілі;
  • денешынықтыру.

Дайындық курстарына қабылдау шарттары

Дайындық курстарына қабылданады:

  • мектеп түлектері;
  • колледж түлектері.

Шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдері, оралмандар мен шетел азаматтары үшін дайындық курстарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл білім беру грантына ие болу үшін екі пәннен - математикалық және оқыту тілінен: қазақ немесе орыс тілінен кешендік емтихан тапсыру қажет. Қазақ немесе орыс тілін білмейтін шетел азаматтары үшін емтихан ағылшын тілінде қабылдануы мүмкін.

Ақылы негізде оқуды қалайтын азаматтар емтихансыз қабылданады.

ЖОО-ның дайындық факультетіне түсу үшін шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады:

  • Берілген нысандағы өтініш
  • Білім туралы құжаты мен оның қосымшасының мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалдық расталған аудармасы
  • Білім туралы құжат иесінің жеке басының куәлігі мен паспортының нотариалдық расталған аудармасы

Тапсырылған құжаттар .pdf форматында сканерден өткізіліп, https://enic-kazakhstan.kz/priem-dokumentov-na-podgotovitelnye-otdeleniya-vuzov/podacha-dokumentov сайтында онлайн өтінім жіберіледі.


Қазақстан Республикасының азаматтарын дайындау үшін тілдік курстар 

«Foundation» факультетіне оқуға орта, орта арнайы, техникалық және кәсіби білімі бар барлық тұлғалар қабылданады. 

Дайындық факультетінде күшейтілген тілдік дайындықпен оқу үшін «Шет тілі» және жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Биология», «Физика», «Химия» пәндерінің бірінен тест тапсырады.

«Foundation»  факультетінде оқу - бұл:

  • тереңдетілген көптілді дайындық, ол: 

- шет тілде оқу топтарына қабылдауды;

- академиялық ұтқырлықты;

- халықаралық бағдарламаларға қатысуды;

- қарым-қатынас бостандығын қамтамасыз етеді.

  • Ұлттық бірыңғай тестілеу пәндері бойынша мақсатты дайындық (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы және бейіндік пәндер).

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқаннан кейін «Foundation» факультетінің білім алушылары білім беру гранттарының конкурсы нәтижесі бойынша М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне таңдаған мамандығы бойынша 1 курсқа қабылданады.  

Факультетте оқыту күндізгі формада қазақ және орыс тілдерінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.

«Foundation» факультетінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын тыңдаушыларға республикалық бюджет есебінен шәкіртақы төленеді. Басқа қалалардан келген тыңдаушыларға университет жатақханадан орынмен қамтамасыз етеді. «Foundation» факультетінің тыңдаушыларына күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне қарастырылған жеңілдіктерді қолдануға мүмкіндік беретін «Тыңдаушы билеті» беріледі. 

«Foundation» факультетіне қабылдау үшін қажетті құжаттар:

• Ректордың атына өтініш
• Жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі
• Орта, орта кәсіптік білім туралы құжат пен қосымшасының түпнұсқасы
• 3х4 форматындағы 6 фото
• 075/У нысанындағы медициналық анықтама

Дайындық курстарына жазылу немесе қосымша ақпаратты келесі телефондар бойынша алуға болады:

Петропавл қ-сы, Интернационал к-сі, 26

№5 оқу корпусы

Кабинет № 206 , тел. 49-00-93, моб. 87755481246


Кешкі дайындық  курстары

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Foundation»  факультетінде ҰБТ пен КТ тапсыру үшін қажетті барлық пәндер бойынша  дайындық жүргізілетін кешкі дайындық курстары өткізіледі. 

Кешкі дайындық курстарында оқу ақылы, оқу бағасы оқу мерзімі мен таңдаған пәндер санына байланысты. 1, 2, 3 немесе барлық бес пәнге жазылуға болады. Төлемді ай сайын жүргізуге болады.  

Сабақтар дәрістік-практикалық үлгіде мемлекеттік және орыс тілдерінде абитуриенттерді дайындау тәжірибесі мол оқытушылармен жүргізіледі. Тыңдаушылардың білімін бақылау үшін үнемі байқау сынақтары өткізіліп отырады.

Қазан айынан бастап, әр айдың 20-іне дейін кешкі дайындық курстарына қабылдау жүргізіліп, пәндер мен оқу мерзіміне қарай топтар жинақталады.

Кешкі дайындық курстарына жазылу немесе қосымша ақпаратты келесі телефондар бойынша алуға болады:

Петропавл қ-сы, Интернационал к-сі, 26

№5 оқу корпусы

Кабинет № 206 , тел: 49-00-93, ұялы телефон нөмірі: 87755481246

«Foundation» факультетіне қабылдау үшін қажетті құжаттар:

·                   Ректордың атына өтініш

·                   Жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі

·                   Орта, орта кәсіптік білім туралы құжат пен қосымшасының түпнұсқасы

·                   3х4 форматындағы 6 фото

·                   086-У нысанындағы медициналық анықтама