Жоғары оқу орнына қабылдау

Студенттер қатарына қабылдауды ЖОО-ның қабылдау комиссиясы 25 тамызға дейін Электрондық үкімет порталы арқылы жүргізеді.

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • Оқуға қабылдау туралы өтініш;
  • жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • 3x4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
  • ҰБТ сертификаты;
  • шығармашылық немесе арнайы емтихан тапсыру кезінде ведомостан үзінді (оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
  • білім беру грантын беру туралы куәлік (бар болса);
  • жеңілдікке құқық беретін құжат

Ақылы оқуға ҰБТ нәтижелері бойынша кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" саласы бойынша кемінде 70 балл, "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім саласы бойынша кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы - оқу тілі бойынша кемінде 5 балл және әрбір бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл жинаған талапкерлер қабылданады.

Оқуға түсу үшін қосымша құжаттар тізімі:

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қосымша келесі құжаттардың бірін тапсырады:

  • еңбек кітапшасының көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);
  • жұмыс берушінің қолы қойылған және ұйымның мөрімен расталған(бар болса) қызмет тізімі (істеген жұмысы туралы мәліметтер тізбесі, қызметкердің еңбек қызметі);
  • қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын мұрағаттық анықтама;
  • аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді және жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;
  • тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
  • еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
  • жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер.

 +7 (7152) 493037
 118/6
 skgu_pk@mail.ru
 igolodova@nkzu.kz