Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Өткен жылғы мектеп түлектеріне, колледж түлектеріне

Өткен жылдардағы орта білім беру, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы

ҰБТ-ға  наурыз, маусым айында (мемлекеттік білім гранттарын тағайындау байқауына қатысу үшін) және тамыз айында (ақылы негізде қабылдау үшін) қатысуға болады.

Өткен жылдардағы мектеп түлектері 5 пән тапсырады: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, Математикалық сауаттылық, екі бейіндік пән. М. Қозыбаев атындағы СҚУ білім беру бағдарламалары үшін бейіндік пәндерді мына жерден білуге болады. Шығармашылық мамандықтар үшін Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы, екі шығармашылық емтихан бойынша ұпайлар есептеледі.

Әр пән бойынша кемінде 5 ұпай жинау қажет.

Колледж түлегі толық күндізгі және жеделдетілген күндізгі оқу түріне түсе алады.

Толық күндізгі оқу нысанын таңдаған кезде ҰТ үшін пәндер жиынтығы мектеп бітірушілеріне ұқсас.

Қысқартылған мерзім  бойынша білім алу ұқсас білім беру бағдарламалары бойынша мүмкін болады. Колледж мамандығының туыстық бағытын жоғары білім беру бағдарламаларының ұқсас топтарының және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының сәйкестілік кестесі негізінде анықтауға болады.

ҰБТ тапсыру кезінде тестілеу екі пән бойынша өткізіледі. 25 ұпайдан кем емес, оның ішінде әр пән бойынша 5 ұпайдан кем емес жинау қажет.

Маусымда өткізілген ҰБТ нәтижелері бойынша мемлекеттік білім гранттарын тағайындау байқауына қатысуға өтініш беріледі.

Жоғары оқу орнында ақылы негізде оқуға болады:

  1. ҰБТ тапсыру нәтижелері бойынша;
  2. қабылдау емтихандарын тапсыру нәтижелері бойынша (ҰБТ тапсырмай).

Қабылдау емтихандарын ЖОО-ның қабылдау комиссиясы өткізеді. Қабылдау емтиханының бағдарламасымен, өткізу жөніндегі нұсқаулықпен мына жерде танысуға болады (сайтқа сілтеме).

Мерзімі - 20 маусымнан 24 тамызға дейін.

Арнайы емтиханды өткізу түрі: тестілеу, ауызша емтихан, жазбаша жұмыс.

Құжаттар тізімі

1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (түпнұсқа);
2) 3x4 сантиметр көлеміндегі 8 фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) ҰБТ сертификаты (бар болса);
5) 075/у нысанындағы медициналық анықтама.

Қабылдау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша талапкер ЖОО-ға қабылдануға "ұсынылады" немесе "ұсынылмайды"

Түсу емтиханының нәтижелері емтиханнан кейін сайтта ақпарат арқылы оқуға түсушілерге хабарланады.

Апелляцияға өтінішті аппеляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адам жеке береді. Өтініш арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.

Оқуға қабылдау ұсынысынан кейін талапкер Электрондық үкімет порталы арқылы оқуға қабылдау туралы өтініш береді.