Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын таңдаған түсуші талапкерлерге

Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ – дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 50 балл, ал «педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша кемінде 75 балл жинаған адамдар жіберіледі. Бұл ретте ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

Педагогикалық білім беру бағдарламаларына түсуші талапкерлер арнайы емтихан тапсырады (педагогикалық жағдаяттың шешімі), оны жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары қабылдайды.

«Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары бойынша арнайы емтихандардың нәтижелері бойынша оқуға түсушіге арнайы емтиханды тапсыру орнына қарамастан университетке ұсыну үшін рұқсат беру ведомосынан үзінді беріледі.

«Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары бойынша университетке түсетін тұлғалар үшін Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

Арнайы дайындықты қажет ететін Қозыбаев атындағы СҚУ мамандықтар тізімі:

  • 6В01101 Педагогика және психология 
  • 6В01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • 6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • 6В01401 Дене шынықтыру және спорт
  • 6В01404 Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық
  • 6В01402 Музыкалық білім
  • 6В01509 Математика-физика
  • 6В01508 Математика-информатика
  • 6В01510 Физика-информатика
  • 6В01511 Химия-биология
  • 6В01505 Биология 
  • 6В01507 География-тарих
  • 6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті
  • 6В01702 Орыс тілі мен әдебиеті
  • 6В01701 Шет тілі: екі шет тілдер
  • 6В01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • 6В01902 Дефектология (логопедия)
  • 6В01903 Дефектология (олигофренопедагогика)
  • 6В01904 Дефектология (сурдопедагогика)

Арнайы емтиханды өткізу түрі: педагогикалық жағдай.

Өтініштерді қабылдау және оқуға түсу үшін арнайы емтихан өткізу - ЖОО орналасқан жері бойынша жүргізіледі. Мерзімі - 20 маусымнан 24 тамызға дейін.

Қабылдау комиссиясы арқылы жүгінген кезде берілетін құжаттар пакеті:

1) университет басшысының атына еркін нысандағы өтініш;

2) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);

3) жеке басын куәландыратын құжат;

4) ҰБТ сертификаты (бар болса);

5) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 8 фотосурет;

6) Электрондық форматтағы 075/е нысандағы медициналық анықтама;

7) ведомостан үзінді көшірме арнайы емтихан тапсыруға рұқсат беру ведомосынан үзінді көшірме;

8) білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік.

 портал арқылы жүгінген кезде берілетін құжаттар топтамасы:

1) ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білім туралы құжаттардың электрондық көшірмесі (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);

3) өлшемі 3 x 4 сандық фото;

4) электрондық форматта 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама;

5) ҰБТ сертификаты;

6) білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік (бар болса).

"Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерге арналған  арнайы емтихан "рұқсат беру" немесе "рұқсат бермеу" нысанында бағаланады.

Арнайы емтиханның нәтижелері емтиханнан кейін немесе емтихан өтетін күні сайтта ақпарат арқылы оқуға түсушілерге хабарланады.

Апелляциялық комиссиялар арнаулы немесе шығармашылық емтиханның нәтижелерімен келіспеген адамдардың өтініштерін қарау үшін құрылады.

Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнайы немесе шығармашылық емтихан тапсырған адамның өзі береді.  Өтініштер арнайы немесе шығармашылық емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия оларды бір күн ішінде қарайды.

Арнайы емтихандардың нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдау орны бойынша, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына ұсыну үшін рұқсат беру ведомосынан үзінді беріледі.


Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Петропавл қ., Жұмабаев к-сі, 114, №6 оқу корпусы, 118 ауд.
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7152) 493037
Жұмыс тәртібі: 9.00-18.00, құжаттар қабылдау кезеңінде - демалыссыз.