![]() Оқытушылар |
![]() Білім алушылар рейтингісі |
![]() Факультеттер мен институттар |
![]() Университет құрылымы |
![]() Электронды ректорат |
![]() Репозиторий |
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларын таңдаған түсуші талапкерлерге
Шығармашылық мамандықтарға түсетін тұлғалар үшін тестілеудің мынадай екі пәні бойынша ұпайлар ескеріледі: оқу сауаттылығы (оқу тілі), Қазақстан тарихы.
Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылдың 1 ақпаны мен 30 наурызы аралығында, шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 11 сәуірі мен 30 сәуірі аралығында өткізеді.
Шығармашылық емтихан өткізу нысаны:
Код |
Мамандықтың атауы |
Бірінші шығармашылық емтихан |
Екінші шығармашылық емтихан |
6В01401 |
Дене шынықтыру және спорт |
Мамандандыру бойынша нормативтер |
Жалпы дене дайындығы бойынша нормативтер |
6В01404 |
Дене мәдениеті және бастапқы әскери дайындық |
Мамандандыру бойынша нормативтер |
Жалпы дене дайындығы бойынша нормативтер |
6В01402 |
Музыкалық білім |
Орындаушылық өнер |
Жалпы музыкалық қабілеттерін көрсету |
6В02101 |
Дизайн |
Реферат немесе арт-жобаның тұсаукесері |
Коллоквиум |
6В03201 |
Журналистика |
Шығарма |
Кәсіби жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу |
6В11101 |
Мәдени-тынығу жұмысы |
Орындау шеберлігі |
Ұйымдастыру-қойылымдық жұмысының негіздері |
Толық күндізгі оқу нысанына түсушілер үшін екі шығармашылық емтихан 40 ұпайлық жүйе бойынша бағаланады.
Ұқсас білім беру бағдарламасы бойынша қысқартылған оқу түріне түсушілер үшін бір шығармашылық емтихан 20 ұпайлық жүйе бойынша бағаланады.
Емтихандар болашақ оқу орнында тапсырылады (білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін).
Талапкер білім беру бағдарламаларының бір тобы бойынша білім беру грантын алу байқауына қатысады және шығармашылық емтихандарды тапсырған жоғары оқу орнын ғана көрсетеді.
Шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша оқуға түсушіге шығармашылық емтихан тапсыру орнына қарамастан ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсу үшін бағалар ведомосынан үзінді беріледі.
Құжаттар тізімі:
1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (түпнұсқа);
2) 3x4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) ҰБТ сертификаты (бар болса);
5) спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың біреуінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі ("Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағы (бар болса). Дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау үшін.
6) 075/у нысанындағы медициналық анықтама.
Апелляциялық комиссиялар арнаулы немесе шығармашылық емтихандардың нәтижелерімен келіспейтін адамдардың өтініштерін қарастыру үшін құрылады.
Апелляцияға өтінішті аппеляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адам жеке береді. Өтініш арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.