Білім беру сапасынан өндірістегі сапаға дейін (2012)

2012 жылдың 5-10 қараша аралығында Сапа апталығы "Білім беру сапасынан өндірістегі сапаға" (бағдарлама) атты жалпы тақырыпта өтті .

Апта шеңберінде кафедралар мен факультеттермен 8 дөңгелек үстел, студенттер мен ПОҚ қатысуымен 19 ғылыми-практикалық конференция және семинар, 18 ашық сабақ өткізілді. Іс-шараның негізгі бөлігі теория мен тәжірибенің бірлігі, құзыреттілік көзқарас және жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларын жобалау мен іске асыруға қатысуы туралы мәселелеріне арналды.

Инженерлік-техникалық факультетінің студенттері мен оқытушылары алғаш рет "Біз сапаны қолдаймыз" флешмобын ұйымдастырып, өткізді.

Кітапхана білім беру сапасына арналған кітап көрмесін дайындады. Іс-шараны ұйымдастырушылар 70-тен астам оқытушылар мен қызметкерлер болды.

"Парасат" газетінде сапа аптасына арналған мақала