Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
ТЭҚФ: "Журналистика" кафедрасында "Парасат" редакциясы" атты жаңа аудитория ашылды

Kozybayev University-де жаңа аудитория ашылды, онда "Журналистика" және "PR-журналистика" мамандықтарының студенттері кәсіби дағдыларын шыңдай алады. әрі қарай оқу

16 қыркүйек 2021
АФ: Жазғы мектеп-2021

2021 жылдың 26-31 тамызы аралығында "Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасының оқытушылары АМАТУ, АММӨИ, ЧМДШжСИ (Саха Республикасы (Я), РФ) жазғ әрі қарай оқу

11 қыркүйек 2021
ПФ: Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі"атты Қазақстан халқына Жолдауы.

2021 жылғы 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Халық бірлігі және жүйелі реформалар &n әрі қарай оқу

13 қыркүйек 2021
АФ: Француздық «CEVA SANTE ANIMALE» компаниясымен бірлескен сертификаттау орталығының ашылуы

 «AVA QAZAQSTAN» компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Сeva SANTE ANIMALE» (Франция) компаниясының ресми дистрибьюторы әрі қарай оқу

26 тамыз 2021
АФ: SMART Farming-аграрлық білім беруді цифрлық трансформациялау

25.08.2021 жылы Оқушылар сарайының базасында (Петропавл қ.) «Білімді ұлт – тұрақты дамудың кепілі» білім беру қызметкерлерінің облыс әрі қарай оқу

26 тамыз 2021
АФ: МАШАВ

Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасының оқытушылары Израиль???????? СІМ жанындағы МАШАВ халықаралық орталығында "Өсімдік қорғау және суарудың о әрі қарай оқу

26 тамыз 2021
ТжӘИ: Жастарға жол!

        Биыл университет түлектері ҒТК тапсырды. РЛ - 17 түлегі Юлия Кондратьева 83 ұпай жинап, 27 тамызда өткен жас мамандардың әрі қарай оқу

09 қыркүйек 2021
ТЭҚФ: 2021 жылғы түлектерді құттықтаймыз!

Құрметті Тарих, экономика және құқық факультетінің 2021 жылғы түлектері, сіздер студенттерге арнаудан бастап бітіру біліктілік емтиханын қорғауға дейі әрі қарай оқу

26 шілде 2021
F: Халықаралық Орыс тілі күніне А.С. Пушкиннің 222—жылдығына және Абай шығармашылығына арналған әдеби мерекелік іс—шара

4 маусым 2021 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Достық үйінде Халықаралық Орыс тілі күніне А.С. Пушкиннің 222—жылдығына және Абай шығармашылығ әрі қарай оқу

07 маусым 2021
АФ: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері"

4 маусым күні Агротехнологиялық факультетте студенттер арасында ҚР Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге арналған "Қазақстан Республикасының Мемлеке әрі қарай оқу

07 маусым 2021
Барлығын оқу

Зерттеушіге: зияткерлік меншік

2008-2016 жылдардағы патенттер

2012-2016 жылдарға авторлық құқық объектілеріне құқықтарды тіркеу туралы куәлік

Зияткерлік меншік - зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижесі және оған теңестірілген заңды тұлғаларды, жеке және заңды тұлғалардың өнімдерін, олармен орындалатын жұмыстар мен қызметтерді (фирмалық атаулар, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі және т.б.) дараландыру құралдары. Зияткерлік меншіктің объектісі авторлық құқық пен өнеркәсіптік меншік болып табылады.   

Зияткерлік меншіктің басты сипаттамасы меншікті пайдаланудың жеке құқықтарын тек зияткерлік меншіктің иесі, яғни автор ғана шамалай алуында, сонымен қатар, оның рұқсатынсыз зияткерлік меншікті ешқандай бөгде адам пайдалана алмауында.

Зияткерлік меншік нысандары келесі түрлерге бөлінеді: әдебиет, өнер туындылары мен ғылыми еңбектер; фонограммалар жасау, орындаушылық және радиобағдарламасын жүргізу; адам іс-әрекетінің барлық салалары бойынша өнертабыстар; ғылыми жаңалықтар; өнеркәсіп үлгілері; тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және коммерциялық атаулар мен белгілеулер; жосықсыз бәсекелестіктің алдын кесу шаралары.

Зияткерлік меншік қамтиды:

  • авторлық құқық,
  • патенттік құқық,
  • дараландыру құралдары,
  • зияткерлік меншіктің дәстүрлі емес нысандары (интегралдық микросхемалар топологиясы, селекциялық жетістіктер, коммерциялық құпия, өндіріс құпиялары (ноу-хау) және т.б.)

Өнеркәсіптік меншік зияткерлік меншіктің нысаны ретінде өнертабысқа, пайдалы үлгілемелерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атаулар мен тауарлардың шыққан жерлерінің атауына берілген патенттерді қамтиды.

Өнеркәсіптік меншік міндетті түрде белгілі тәртіпте мемлекеттік патенттер тізімдемесіне тіркеледі және патенттің немесе айғақтың болуын талап етеді, зияткерлік меншік тек осындай жағдайда ғана өнеркәсіптік меншік (ноу-хаудан басқасы) дәрежесіне ие болады.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік мекемесі (ҰЗМИ) Қазақстан Республикасының патенттік тізімдемесіне сараптама жасайтын ұйым болып табылады.  

Авторлық құқық зияткерлік меншіктің нысаны ретінде ғылым, әдебиет және өнер туындыларын, ЭВМ-ге арналған бағдарламалардан, деректер қорынан, орындаушылықты, фонограммаларды жасауды және  телерадиоэфир арқылы хабарлар беруді қамтиды.

Зияткерлік меншіктің мұндай нысандары қосымша тіркеуді талап етпейді. Олардың құқықтары автор оларды жасаған кезде пайда болады.

Өнертабысқа берілген патентті беру өтініші келесі құжаттардан тұруы тиіс:

  • инновациялық патентті беру туралы өтініш немесе өнертабыс авторлары немесе инновациялық патент немесе өнертабыс патенті сұратылған тұлғалар көрсетілген патентті беру туралы өтініш, сондай-ақ, олардың тұрғылықты немесе тұрған жері;
  • өнертабыстың мамандар білімнің тиісті саласында іске асыру үшін толықтығын, жеткіліктігін ашатын сипаттамасы;
  • өнертабыс нысанын және оның маңызын анықтайтын өнертабыс формуласы. Формула түсінікті, толық және сипаттамаға негізделген болуы тиіс;
  • өнертабыстың маңызын ұғыну үшін қажетті болған жағдайда сызбалар мен басқа да материалдар;
  • реферат;
  • өкіл арқылы іс жүргізілген жағдайда сенімхат.

Өтінішке қосымша берілетін құжаттар:

  • өтініш беруге ақы төленгенін растайтын құжат.

Өнертабысқа берілген патент түрлері:

  • инновациялық патент – әрекет ету мерзімі 3 жыл (тағы 2 жылға созу мүмкіндігі бар);
  • патент – әрекет ету мерзімі 20 жыл (тағы 5 жылға созу мүмкіндігі бар).

Өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілер мен тауар таңбаларын патенттеу мәселелері бойынша барлық қажетті ақпаратты "ҚР ӘМ ҰЗМИ" ШЖҚ РМК http://www.kazpatent.kz ресми сайтынан табуға болады.