![]() Оқытушылар |
![]() Білім алушылар рейтингісі |
![]() Факультеттер мен институттар |
![]() Университет құрылымы |
![]() Электронды ректорат |
![]() Репозиторий |
Еrasmus+ аясындағы NICOPA жобасының қатысушылары Агротехнологиялық факультеттің оқытушылары онлайн біліктілікті арттыру курстарына қатысуда. Курсты жо...
Академиялық ұтқырлық
Академиялық ұтқырлық - белгілі бір академиялық кезеңге студенттерді немесе ғылыми-зерттеу оқытушыларын басқа оқу немесе ғылыми мекемеге (өз елінде немесе шетелде) оқуға, оқытуға, зерттеуге ауыстыру. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру Болон декларациясының негізгі қағидаларына сәйкес келеді. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру ережелері мен рәсімдері күндізгі бөлім студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, сонымен қатар университеттің күндізгі оқытушылары мен қызметкерлеріне қолданылады.
Сыртқы академиялық ұтқырлық - студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың, оқытушылардың шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелерде білім беру бағдарламаларын меңгеруі және жүзеге асыруы. Білім алушылар мен оқытушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы Қазақстан Республикасынан тыс оқу немесе қызметтік тапсырманы орындау үшін академиялық бір кезеңге шығу түрінде жүзеге асырылады.
Ішкі академиялық ұтқырлық - жетекші қазақстандық университеттер мен ғылыми орталықтарда студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың, оқытушылардың білім беру бағдарламаларын игеруі және жүзеге асыруы. Білім алушылар мен оқытушылардың ішкі академиялық ұтқырлығы жоғары оқу орны-әріптеспен академиялық ұтқырлық шеңберінде келісім-шарт болған жағдайда Қазақстан Республикасы шегінде іссапар түрінде жүзеге асырылады.
- Академиялық ұтқырлық тұжырымдамасы
- Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының меморандумы
- Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру рәсімі
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да академиялық ұтқырлық мәселелеріне академиялық ұтқырлық және көптілді білім беру бөлімі жетекшілік етеді.