Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

2021 жылдың қараша айында магистратураға түсу туралы ақпарат

Ендігі кезекте емтиханға тіркелу, мамандықтар бөлінісінде гранттардың саны туралы айтып өтсек. Екінші кешенді тестілеуге қатысу үшін тіркелу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында өтеді.

Құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 1-15 қараша аралығында жүргізіледі.

Кешенді тестілеу 2021 жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін өтеді.

Магистратураға грантқа үміткерлер дәстүрлі түрде шет тілі, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша және оқуға дайындығын анықтау бойынша тест тапсырады. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар адамдар автоматты түрде шет тілі бойынша тестілеуден босатылады. Тест нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Нәтижелерімен келіспеген жағдайда қатысушылар емтихан аяқталған соң 30 минуттан кейін онлайн-апелляцияға өтініш бере алады.

Магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Магистратураға түсуге арналған құжаттар тізімі:

1) жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа);

2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

3) 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;

4) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат:

ағылшын тілі:

  • IELTS Academic (International English Language Testing System Academic), шекті балл кемінде – 6,0;
  • TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language  Internet-based test), шекті балл кемінде – 60;
  • TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті балл кемінде – 498;

неміс тілі:

  • Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/С1 деңгейі), 
  • TestDaF-Prufung (Niveau С1/С1 деңгейі);

француз тілі: 

  • TFI (Test de Franзais International™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес),  
  • DELF (Diplome d’Etudes en Langue franзaise) – B2 деңгейі,  
  • DALF (Diplome Approfondi de Langue franзaise) – С1 деңгейі,  
  • TCF (Test de connaissance du franзais), шекті балл кемінде – 50 (бар болған жағдайда);

8) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);

9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).