«Шаңырақ» қазақ студенттер театры

"Шаңырақ" студенттік театры 2001 жылы құрылды. Тұсаукесері С.Мұқановтың "Сұлушаш" поэмасы болды. 2009 жылы театр "Театр және жаратылыс" фестивалінің гран-приін жеңіп алды. 2010 жылы Алматы қаласында өткен республикалық фестивальде театр Ғ. Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының жүлдесін жеңіп алды. 2016 жылы театр XII Дельфий ұлттық ойындарының қола жүлдегері атанды. Театр актерлері Абдиалимова Назым, Калыбек Азамат, Касен Акниет, Турсынбай Ермарал қола жүлдегерлер атанды.

     Режиссерлер:

             +7-777-415-30-77

            

              shanyrak_teatry

2001-2014 жылдар аралығында театрға С.Мұқанов атындағы Қазақ драма театрының актерлері Айтибаева Шолпан Жолдыбаевна мен Айтибаев Кажибай Козаирович жетекшілік етті.

2015 жылдан бастап театрды Бекманова Айнура Амангельдиевна және Каримов Адилжан Габдулгаппарович басқарды.

Қазіргі уақытта театрда екі режиссер Разиев Асылхан Талгатович және Каримов Адылжан Габдулгаппарович жұмыс істейді.

Театрда барлық заманауи жанрлар қолданылады (драма, комедия, трагедия және т.б.)

Университет қабырғасынан аға курсты бітіруіне байланысты театр құрамы жыл сайын өзгеріп отырады. Сондықтан жаңа оқу жылының басталуымен театр бірінші курс студенттерімен толықты. 2020 жылы 25 қыркүйекте онлайн-кастинг жарияланып, театр құрамына жиырмадан астам студент қабылданды. 27 қазанда екінші рет кастинг жарияланып, театр ұжымы тағы 10 студентпен толықты. Қазір "Шаңырақ" театрының құрамында 54 студент өнер көрсетуде.

Құрылған сәтінен бастап "Шаңырақ" театры республикалық және облыстық мәдени іс-шараларға қатысады.  2020 жылы театр Абайдың Қара сөздері мен поэзиясын дәріптеу мақсатында Абайдың 175 жылдығына арналған челленджді ұйымдастырды. Әлемдік пандемияға байланысты барлық жұмыстар онлайн режимде жүргізілуде. Театр актерлері аптасына екі рет Абайдың Қара сөздерін немесе поэзиясын оқиды, бейнероликтер түсіреді және университет пен театр беттерінде әлеуметтік желілерде орналастырады.

Жаңа оқу жылында театр репертуарын жаңа спектакльмен жаңартты. Қарашаның бірінші онкүндігінде М. Байджиевтің "Берег" спектакліне (режиссер А. Кәрімов) қатысатын актерлер мен актрисалар іріктеліп, спектакль қою жұмыстары басталады.

Театр жоспарында басқа да мәдени шаралар бар:

17 қарашада театр актерлері Студенттер күніне арналған концертте поэтикалық блок ұсынады.

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған 15 минуттық поэзия мен әннен тұратын онлайн блок.

16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне арналған сахналық қойылым.

 

Сұрақтар бойынша №109 кабинетке, №1 корпусқа хабарласуға болады.