СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАЛАРҒА СТУДЕНТТЕРДІ ОРНАЛАСТЫРУ АЛГОРИТМІ

Онлайн өтінім берген білім алушыларды жатақханаға орналастыру бойынша шешім


 

Студенттік жатақхана тұрғындарының базасына тіркелу үшін 2021 ж. қаңтардың 5-і мен 11-і күндер аралығында ресми сайтында on-line өтініш беру қажет.

 

online өтініш беру

 

2021 ж. 18-і қаңтар № 1 ОК фойесінде сағат 09:00-дан бастап жатақханаға орналастыру басталады.

МАҢЫЗДЫ: студенттер орналасу кезінде медициналық бетперде киіп, 1,5-2 м әлеуметтік қашықтықты сақтау керек.

Студенттер білім министрінің 28.12.2020 ж. № 548 бұйрығына сәйкес бөлмелердің 50% қамтылуымен (бір бөлмеге 2 адамнан) орналастырылатын болады.

 

СТУДЕНТКЕ ҚАЖЕТ:

1. «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ  Басқарма – Төрағасының – Ректорының атына өтініш толтыру.

2. Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаменті қызметкерлеріне келесі құжаттар пакетін ұсыну:

1)   жеке куәліктің көшірмесі – 2 дана (кері жағынан толық аты-жөнін, мекен-жайын және ата-анасының байланыс тел. (ұялы, үй телефоны) қолмен жазу);

2)   3*4 форматындағы фотосурет – 1 дана (жатақханаға кіру рұқсаттамасына);

3)   Петропавл қаласында жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама(EGOV.KZ порталда алу, немесе ХҚКО). ;

4)   отбасының әлеуметтік жағдайы көрсетілген анықтама (көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасылар үшін);

5)   ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де мүгедектігі туралы анықтама (болған жағдайда);

6)   екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі не балалар үйінен анықтама, А-4 формада, қамқоршылық туралы қаулы (болған жағдайда).

3. Жатақханада тұру үшін 6 айға ақыны төлеу (грант – 25200 тг., ақылы оқу – 60 000 тг)

1)   «Банк ЦентрКредит» АҚ филиалынада қолма-қол ақшамен мына мекенжай бойынша: Интернациональная көшесі, 24;

2)   «BCC.KZ» мобильді қосымша арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ;

3)   «Kaspi.kz» мобильді қосымша арқылы «Kaspi Bank» АҚ.

4. СҚО бойынша дезинфекция орталығының қызметкерлерінен медициналық тексеруден өту және анықтама алу (тексеру университетте жүргізіледі).

5. ТӘЖД қызметкерлеріне төлем туралы түбіртек пен дезинфекция орталығының анықтамасын беріңіз.

6. М. Қозыбаев атындағы  Солтүстік Қазақстан университетінің жатақханасында тұру туралы келісімді толтыру және қол қою.

7. Жатақханада тұру үшін жолдау қағаз алу.

8. Сізге берілген жолдауда көрсетілген жатақханаға бару.