![]() Оқытушылар |
![]() Білім алушылар рейтингісі |
![]() Факультеттер мен институттар |
![]() Университет құрылымы |
![]() Электронды ректорат |
![]() Репозиторий |
Еrasmus+ аясындағы NICOPA жобасының қатысушылары Агротехнологиялық факультеттің оқытушылары онлайн біліктілікті арттыру курстарына қатысуда. Курсты жо...
Оқуға түсу шарттары
Докторантураға "магистр" академиялық дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.
Докторантурада оқу мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде күндізгі түрде жүзеге асырылады. Сонымен қатар докторантурада оқу ақылы негізде жүзеге асырылады:
- Шетелдік азаматтар үшін.
- Жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, кәсіпорындар мен ұйымдардың өтінімдері бойынша.
- Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша бейінді докторантурада және DBA-да.
Докторантураға қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға жол берілмейді.
Докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдау 3 шілдеден 22 тамызға дейін жүргізіледі.
Докторантураға түсу емтихандары 22-27 тамыз аралығында өткізіледі.
Қабылдау - 28 тамызға дейін жүргізіледі.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі
- ректордың атына өтініш
- болжамды отандық немесе шетелдік ғылыми консультантпен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі
- жеке куәліктің көшірмесі*
- білімі туралы құжаттың көшірмесі*
- шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса):
- ағылшын тілі:
- TOEFL ITP – 460 ұпайдан кем емес
- TOEFL IBT - 87 ұпайдан кем емес
- TOEFL - 560 ұпайдан кем емес
- IELTS - 6.0 ұпайдан кем емес
- неміс тілі:
- DSH - Niveau С1/С1 деңгейі
- TestDaF-Prufung - Niveau C1/С1 деңгейі
- француз тілі:
- TFI - оқу және тыңдау секциялары бойынша B1 деңгейінен төмен емес
- DELF - В2 деңгейі
- DALF - С1 деңгейі
- TCF - 400 ұпайдан кем емес
- ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда)
- 3x4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін)
- картон тезтікпе және 8 файл (мультифор)
*Құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқа ұсынылады.
Докторантураға түсуші тұлғалар түсу емтихандарын тапсырады:
- таңдау бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс; араб тілін білуді талап ететін мамандықтарға түсуші тұлғалар үшін араб тілі бойынша);
- мамандығы бойынша.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға 100 ұпайлық бағалау шкаласы бойынша түсу емтихандарының сомасы бойынша ең жоғары ұпай жинаған тұлғалар қабылданады:
- докторантура үшін - 150 ұпайдан кем емес.
Осы ереженің 14-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар тұлғаларға бағалаудың 100 ұпайлық шкаласы бойынша ең жоғары балл есептеледі.
Докторантураға оқуға түсу сауалдары бойынша келесі мекен-жайға жолығыңыз: Абай көшесі, 9, 2 корпус, 216 кабинет.
Телефон: + 7 (7152) 494042, ішкі 1019.