Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Кішірейтілген

Әскери кафедраға түсу ережелері

Қазіргі уақытта Қазақстанда әскери кафедрадан ерікті түрде өтуге болады. Әскери кафедраға түсу - бұл әскери офицер ретінде әрі қарай запасқа қабылдауына мүмкіндік.

Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттер - конкурс өткізілетін жылы 24 жастан аспаған, соттылығы жоқ, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайтын бірқатар әскери-есептік мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.

Әскери кафедрада оқу үшін іріктеу конкурс негізінде жүргізіледі және ҚР ҚМ бекітілген қабылдау жоспары негізінде жүзеге асырылады.

Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент нысан бойынша өтінішті және конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды тапсырады:

  1. Өтініш;
  2. Жеке куәлік  (түпнұсқасы мен көшірмесі);
  3. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі);
  4. Көлемі 3х4 см 2 фотосурет;
  5. Соттылығының бар болуы не жоқтығы туралы анықтама;
  6. Спорттық жетістіктірді (бар болған кезде) растайтын құжат;
  7. Факультет деканы қол қойған студенттің ЖООда нақты оқуы туралы анықтама;
  8. Жеке істі ресімдеуге арналған көрінетін екі файл (мультифор).

Құжаттарды қабылдағаннан кейін әскери кафедра студентке нысан бойынша құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.

Студенттерді әскери кафедрада оқытуға іріктеу үшін конкурс мынадай төрт кезеңде жүзеге асырылады:

1. Бірінші кезең – әскери – дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландырудан өту;

Денсаулық жағдайы бойынша «жарамсыз» деп танылған немесе әскери кафедраға медициналық куәландыру картасын ұсынбаған студеттер конкуңрстың 1 кезеңінен өтпеген болып есептеледі.

2. Екінші кезең - кәсіби-психологиялық тестілеуді жүргізу;

Студенттерді кәсіби-психологиялдық тестілеуді іріктеу комиссия ЖОО-ның компьютерлік сыныптарында өткізеді және ол дәйектеу, күйзеліске тұрақтылық, сын тұрғысынан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.

Кәсибі-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған студенттер конкусртың екінші кезеңінен өтпеген болып есептеледі.

3. Үшінші кезең – дене дайындығың тексеру;

Студенттердің дене дайындығын тексеру студенттердің дене дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауын қамтиды.

Дене шынықтыру бойынша нормативтер

Студент-ер балалар үшін

№ р/с

Бақылау жаттығулары

Балл

«5»

«4»

«3»

1

100 м (с) жүгіру

14,2

14,5

15,0

2

3000 м (мин) жүгіру

13,00

15,00

16,00

3

Биік белтемірде тартылу (саны)

12

10

8

 

Студент-қыздар үшін

  № р/с  

Бақылау жаттығулары

Балл

   «5»  

   «4»  

   «3»  

1

100 м (с) жүгіру

16,0

16,5

17,0

2

2000 м (мин) жүгіру

10,00

11,3

12,2

3

Шалқасынан жатқан күйде қолын желкесіне қоюмен денені көтеру (саны)

25

20

15

Үш нормативтерді тапсыру сомасы бойынша 8 балл жинамаған студенттер конкурстың үшінші кезеңінен өтпеген болып есептеледі.

4. Төртінші кезең - ЖОО басшысы жасайтын және бекітетін рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.

Университетінің офис-тіркеушісі әскери кафедраға 1-курс (4 жылдық оқумен) және 2-курс (5 жылдық оқумен) қорытындысы бойынша GPA орташа үлгерім балының  көрсеткіштерін ұсынады.        

Конкурстың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.

Әскери кафедраға түсу ережелері бөліміне толықтырулар 

COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты, қашықтықтан оқитын, Петропавл қаласына келуге мүмкіндігі жоқ күндізгі оқу нысанының 1-курс (4 жылдық оқумен) және 2-курс (5 жылдық оқумен) студенттері (ұлдар мен қыздар) үшін әскери кафедрада оқу үшін құжаттарды қабылдау қашықтықтан жүзеге асырылады.

Ол үшін келесі құжаттарды (PDF форматында сканерлеп) әскери кафедраның vk_skgu@mail.ru электрондық поштасына жіберу керек:

1.        Жеке куәлігі;

2.        Тіркеу куәлігі немесе әскери билет;

3.        3х4 көлеміндегі 2 фотосурет;

4.        Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

5.        Спорттық жетістігін растайтын құжат (бар болса);

6.        ЖЖОКБҰ - да студенттің нақты оқуы туралы анықтама.

Студенттен жоғарыда көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін, оның жеке электрондық поштасына әскери кафедраға түсу үшін Өтініш үлгісі жіберіледі. Студент өтінішті А4 форматында басып шығарып, оны толтырып, PDF форматында сканерлеп, қайта әскери кафедраның vk_skgu@mail.ru электрондық поштасына жіберуі керек.

Кейін, Өтініш алынғаннан және тіркелгеннен кейін, студенттің эл.поштасына Медициналық куәландырудан өту тәртібі бойынша жадынамамен бірге келесі құжаттар жіберіледі:

1.        Медициналық куәландырудан өту үшін жолдама.

2.        Белгіленген үлгідегі медициналық куәландыру картасы.

3.        Медициналық құжаттар мен медициналық зерттеулер нәтижелерінің тізімі.

Әскери кафедраға түсу ережелеріне толықтыру

2021 жылға арналған Іріктеу жоспарына сержанттар құрамының жаңа әскери-есептік мамандықтарын енгізуге байланысты, запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін конкурстық іріктеуде құжаттар күндізгі оқу нысанының бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші курс (5 жылдық оқумен) студенттерінен қабылданады. 

Covid-19 коронавирусының пандемиясына байланысты әскери кафедраға түсуге өтініш беру үшін Петропавл қаласына келуге мүмкіндігі жоқ, қашықтықтан оқытын студенттер запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін құжаттарды онлайн тапсырады. Петропавл қаласында тұратын және жүрген студенттер құжаттарды №7 корпусының (әскери кафедра) 104 каб. ұсынады.

Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу кезеңі өтеулі негізде 1 жылды құрайды.

Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген Студент төменде көрсетілген құжаттарды (Құжаттар PDF форматында сканерленуі тиіс) vk_skgu@mail.ru эл.поштаға жібереді:

1.    Жеке куәлігі;

2.    Тіркеу куәлігі немесе әскери билет;

3.    3х4 көлеміндегі 2 фотосурет;

4.    Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама (құжаттарды тапсыру сәтінде анықтамаға 10 күннен артық болмауы тиіс);

5.    Спорттық жетістігін растайтын құжат (бар болса);

6.    ЖЖОКБҰ-да (ЦОРС-та) студенттің нақты оқуы туралы анықтама (құжаттарды тапсыру сәтінде анықтама 10 күннен аспауы тиіс);

Келіп түскен құжаттар тексеріледі, содан кейін студентке электрондық поштасына толтыру үшін Өтініш жіберіледі, өтінішті толтырып, оны PDF форматында сканерлеп, vk_skgu@mail.ru электрондық поштаға жіберу керек. 

Конкурстың кезеңдері бойынша барлық қосымша ақпарат WhatsApp тобына жіберілетін болады, оған запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін өтініш берген 2 курс студенттері қосылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін гранттар бөлінбейді, оқыту 1 жыл мерзімде өтеулі негізде өтеді.

Сондай-ақ, онлайн құжаттарды беру бойынша ақпаратты 87024184496 (WhatsApp) нөмірі бойынша алуға болады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2021 жылғы 17 мамырға дейін.