Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Түлектерге - электрондық еңбек биржасының порталы туралы

Құрметті, М. Қозыбаев атындағы СҚУ түлектері! Сіздің болашақ жұмысқа орналасу және мансаптық өсуді қамтамасыз ету мақсатында, Сізге өз түйіндемеңізді www.enbek.kz электрондық еңбек биржасы порталында орналастыру қажет.

 Электрондық еңбек биржасы жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін бірыңғай сандық алаң болып табылады. Республика бойынша бос орындар мен жұмыс іздеушілер туралы ақпарат күн сайын әр түрлі көздерден жаңартылады:

  • жұмыс берушілер мен ізденушілер өз бетінше;
  • бос жұмыс орындары мен ізденушілердің мемлекеттік деректер базасынан (халықты жұмыспен қамту орталықтары құратын мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау);
  • жеке жұмыспен қамту агенттіктері;
  • бұқаралық ақпарат құралдарымен;
  • жұмысқа орналастыру бойынша онлайн-алаңдар.

Enbek.kz порталында тіркелгеннен кейін ізденуші ең қолайлы ұсыныстарды таңдау, компаниялар арасында іздеу үшін бос орындар базасында кеңейтілген іздеу мүмкіндігін алады.

Тіркелмеген ізденуші бос жұмыс орындарына жауап бере алмайды және өзінің түйіндемесін ұнаған компанияға жібере алмайды. Әрбір тіркелген ізденуші шексіз түйіндеме орналастыруға құқылы.

Сіз әлеуметтік желілер арқылы тіркеле аласыз, ал түйіндемені ЭЦҚ немесе ЖСН арқылы толтыра аласыз немесе деректерді қолмен енгізе аласыз.

Тіркеу бойынша толық нұсқаулық.