Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Лиганың қағидаттары

1) Академиялық адалдық Лиганың әрбір мүшесінің, оның білім беру процесі мен зерттеулерінің негізгі құндылығы болып табылады.

2) Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықтың нақты, әділ және объективті стандарттарының, дәйексөз және мінез-құлық ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

3) Лиганың әрбір мүшесі академиялық және / немесе зерттеу мақсаттары үшін ұсынылған сипатына, мазмұны мен көлеміне қарамастан, барлық жазбаша жұмыстардың плагиатына міндетті тексеруді қамтамасыз етуге жауапты болады.

4) Лиганың әрбір мүшесі білім алушының академиялық адалдық қағидалары мен стандарттарын бұзғаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

5) Лиганың әрбір мүшесі өзінің оқыту нәтижелерін әділ және объективті бағалау жүйесі шеңберінде білім алушыларға жоғары талаптар қояды.

6) Лиганың әрбір мүшесі өз оқуын аяқтауға жақсы мүмкіндік береді.

7) Лиганың әрбір мүшесі дипломымен расталған кадрларды даярлау сапасына жауапты болады.

8) Лиганың әрбір мүшесі оқытушының академиялық адалдықтың принциптері мен стандарттарын, өзара құрмет пен әділдікті үйрететін ментор ретіндегі жоғары жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

9) Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықты ілгерілету мен қорғау білім беру ұйымдарындағы барлық білім алушылар мен қызметкерлердің өзара күш-жігерінің нәтижесі болып табылатынын мойындайды.

10) Лиганың әрбір мүшесі өзіне жүктелген міндеттемелерді, оның ішінде Лига қызметінің негізгі принциптерін адал орындауға міндеттенеді. Ол жарғыға немесе лига актілеріне, сондай-ақ Академиялық адалдық қағидаттары мен стандарттарына, соның ішінде Лига қызметінің негізгі принциптеріне сәйкес міндеттемелерді орындамағаны үшін ұйымнан алынып тасталатынын түсінеді.