Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

"Саналы ұрпақ" жобалау кеңсесі

Негізгі мақсаттар мен міндеттер


Жобалық кеңсесі қызметінің негізгі бағыттары болып табылады:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет.
№ 2 ОК-да біздің жоо ұстанатын Академиялық адалдық пен парасаттылық элементі ретінде буккросинг аймағы орнатылған.

2)  Ұйымның айқындығы мен ашықтығы.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» онлайн порталы - бұл оқу процесінде босаған бос мемлекеттік білім беру гранттары, жатақханалардағы бос орындар, ПОҚ мен қызметкерлер үшін пәтер беру кезектілігі туралы ақпарат, студенттердің үлгерімі туралы деректер және ЖОО-да сыбайлас жемқорлық фактісі туралы мәлімдеуге болатын арналар.

3)  Академиялық адалдық.
М.Қозыбаев атындағы СҚУ осы бағыт аясында емтихан сессиясы кезінде Академиялық адалдық ережелерінің сақталуын қадағалайтын волонтер-прокторды даярлауды жүзеге асырады.
Волонтер болу: Instagram 
                        немесе: 8-705-794-00-16 

4)  Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама.
Жобалық кеңсе М.Қозыбаев ат. СҚУ-дың 2020-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын әзірледі.
Стратегия атқаратын лауазымына, ғылыми дәрежесіне және білім алушының әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, әрбір қызметкер үшін міндетті мінез-құлық моделін белгілейді.
Сондай-ақ, ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт әзірленді
Стандарт Университет қызметінде азаматтардың, Университеттің және оның қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру және функцияларын жүзеге асыру кезінде қолданылады.

5)  Жобаны ақпараттық сүйемелдеу.

Қойылған мақсатқа жету үшін Жобалық кеңсесі келесі міндеттердің шешілуін қамтамасыз етеді:

1)   Академиялық қоғамдастық мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру және этикалық нормаларды бұзуға мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру.

2)   Университеттің айқындығы мен ашықтығын арттыру бойынша шаралар қабылдау, соның ішінде мұнда қабылданатын басқарушылық шешімдер мен ақша қаражатын бөлу.

3)   Академиялық адалдықты қамтамасыз етуді бағалау жүйесін қалыптастыру және университет жүйесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізу.

4)   Жобаны ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету.

Проект «Акселератор добра»

Осы жоба шеңберінде «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері бүкіл ел бойынша волонтерлікті дамыту орталықтарына айналуға тиіс, өйткені волонтерлік – парасаттылықты қалыптастырудың негізі болып табылады.

Волонтерлік түрлері:

  • Волонтерлер-прокторлар
  • Волонтер-репетиторлар
  • Экологиялық волонтерлер
  • Волонтерлер -заңгерлер.


 


 

"Саналы ұрпақ" жобалау кеңсесінің комплаенс академ офицері 

 142/3
 +7 (7152) 462796, 1082
 sanalyurpaq_skgu@mail.ru

 

Абильтаева Айнур Асхатовна

"Саналы ұрпақ" жобалау кеңсесінің комплаенс академ офицері 

 142/3
 +7 (7152) 462796, 1082
 sanalyurpaq_skgu@mail.ru