Оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы

Жалпы шарттары

225.020.111.369 бағдарламасы «Қазақстанның жоғары оқу орындарына шетелдік мамандарды тарту»

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ университетіне шетелдік мамандарды тартудың жалпы шарттары:

1. Университет кафедрасы немесе департаменет бөлімі шетелдік маман ретінде шақырылғанын растайтын өтініш береді. Шақырудан бұрын бөлім немесе шетелдік маманның келу мақсатын көрсетуі керек, ал ұтқырлық және интернационалдандыру орталығы шетелдік маман тартуға қажетті барлық қаржылық шығындарды бағалайды.

2. Университет кафедрасы немесе департамент бөлімі шетелдік маманға келу шарттары туралы міндетті түрде хабарлайды:

  • QS рейтингі бойынша шетелдік маман әлемдегі үздік 500 университеттің бірі болуы керек;
  • М. Қозыбаев ат. СҚМУ-да болу ұзақтығы: 1 ай.

3. М. Қозыбаев ат. СҚМУ ректоры немесе проректоры шетелдік маманды жеке хат жіберу арқылы шақырады.

4. Халықаралық ынтымақтастық департаменті іскерлік виза немесе шетелдік маманға 3 айға дейінгі мерзімге жұмысқа  алу туралы шақыру хат жібереді.

5. Шетелдік маман шақыру үшін университеттің Халықаралық ынтымақтастық бөліміне келесі құжаттарды ұсынады:

  1. толтырылған сауалнама түрінде ұсынылады;
  2. төлқұжаттың оқылатын көшірмесі.

6. Шетелдік сарапшыны шақыру үшін барлық құжаттар Академиялық ұтқырлық және интернационалдандыру орталығымен бірлесіп дайындалады.