Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

"Денсаулық сақтау" бағытының білім беру бағдарламаларын таңдаған талапкерлерге

Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ – дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 50 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша кемінде 70 балл жинаған адамдар жіберіледі. Бұл ретте ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)" білім беру саласының білім беру бағдарламаларына түсетін талапкерлер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары қабылдайтын арнайы емтихан (психометриялық емтихан) тапсырады.

"Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша университетке түсетін тұлғалар үшін Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

Қозыбаев атындағы СҚМУ мамандықтар тізімі:

  • 6В10101 Жалпы медицина
  • 6B10102 Фармация

Арнайы емтиханды өткізу түрі: психометриялық тест (болашақ дәрігердің кәсіби жарамдылығын бағалау).

Арнайы емтихан бағдарламасымен, өткізу жөніндегі нұсқаулықпен мына жерден танысуға болады (сайтқа сілтеме).

Өтініштерді қабылдау және оқуға түсу үшін психометрикалық тест өткізу - ЖОО орналасқан жері бойынша жүргізіледі. Мерзімі - 20 маусымнан 24 тамызға дейін.

ҰБТ-ны электронды форматта өткізу кезінде оқуға түсу үшін ЖОО орналасқан жерде өтініштерді қабылдайды және психометриялық тестті өткізеді. Мерзім - 20 маусыннан 12 шілдеге дейін.

Қабылдау комиссиясы арқылы жүгінген кезде берілетін құжаттар пакеті:

1) университет басшысының атына еркін нысандағы өтініш;;

2) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);

3) жеке басын куәландыратын құжат;

4) ҰБТ сертификаты (бар болса);

5) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 8 фотосурет;;

6) Электрондық форматтағы 075/е нысандағы медициналық анықтама;;

7) ведомостан үзінді көшірме арнайы емтихан тапсыруға рұқсат беру ведомосынан үзінді көшірме;

8) білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік.

 портал арқылы жүгінген кезде берілетін құжаттар топтамасы:


"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерге арналған  арнайы емтихан "рұқсат беру" немесе "рұқсат бермеу" нысанында бағаланады.

Психометриялық тест нәтижелері емтиханнан кейін немесе емтихан өтетін күні сайтқа ақпаратты орналастыру арқылы оқуға түсушілерге жеткізіледі.

Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнайы немесе шығармашылық емтихан тапсырған адамның өзі береді.  Өтініштер арнайы немесе шығармашылық емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия оларды бір күн ішінде қарайды. 


Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Петропавл қ., Жұмабаев к-сі, 114, №6 оқу корпусы, 118 ауд.
Қабылдау комиссиясының телефоны:
 8 (7152) 493037
Жұмыс тәртібі:
 9.00-18.00, құжаттар қабылдау кезеңінде - демалыссыз.