Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

ЫБЫРАЕВА Ақмарал Ғосманқызы

    

Басқарма Төрағасы - Ректор кеңесшісі

Тарих ғылымдарының докторы, профессор

Телефон: +7 (7152) 494042
Қабылдау бөлмесі: 204 кабинет, 2 корпус
Қабылдау сағаттары:

сейсенбі, 15.00-ден 18.00-ге дейін

бейсенбі, 15.00-ден 18.00-ге дейін

E-mail: akmaral1971@mail.ru

agibraeva@nkzu.kz

Өмірбаяны

Ыбыраева Ақмарал Ғосманқызы 1971 жылы 18 мамырда Павлодар облысында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі. 1993 жылы Абай атындағы (қазіргі Абай атындағы Қазұпу) Алматы мемлекеттік университетін «Тарих және қосымша құқық» мамандығы бойынша үздік бітірді.

Біліктілікті арттыру

Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Ресей, 2008 ж.) 

Сорбонна университеттері, Декарт (Франция, Париж, 2013 ж.)

Сорбонна университеттері, Милан университеті (Франция, Италия) мамыр, 2015 жыл

"CONCORD" халықаралық ғылыми полидисциплинарлық тағылымдамасы (Франция, Қараша, 2015 ж.)

Жұмыс тәжірибесі:

1993-1999 ж.ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің тарихнама және деректану кафедрасының оқытушысы

1999-2005 ж.ж. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ тарих кафедрасының аға оқытушысы

2005-2006 ж.ж. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің ғылым жөніндегі директорының орынбасары

2006-2011 ж.ж. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті

2011-2013 ж.ж. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының м.а.

2013-2014 ж.ж. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры

2014-2015 ж.ж. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ҚТӘжӘГП кафедрасының профессоры.

2016-2017 ж.ж. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ғылым хатшысы

2015-2018 ж.ж. М. Козыбаев атындағы СҚМУ ғылыми орталығының жетекшісі

2017-2018 ж.ж. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Рухани жаңғыру" Жобалық кеңсесінің жетекшісі

2018-2020ж.ж. М. Козыбаев атындағы СҚМУ ғылым және инновациялар жөніндегі проректордың м.а.

2020 - шілде 2021ж.  – «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Ғылым және инновациялар жөніндегі Басқарма мүшесінің м.а.

шілде 2021ж. - Басқарма Төрағасының Кеңесшісі - Ректор

Ғылыми және оқу-әдістемелік қызмет:

Отандық тарихтың өзекті мәселелері, мәдениет тарихы, мұражай ісі, өлкетану, Қазақстанның қазіргі тарихы.

Ыбыраева А.Ғ. 150-ден астам ғылыми еңбектері мен мақалалары, оның ішінде 4 монография, 2 оқулық, 6 оқу және оқу-әдістемелік құрал, 9 ғылыми жинақ жарық көрді. «Scopus» және «Thomsen Reuters» сериясындағы нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда, отандық тарихтың өзекті проблемаларына, мәдениет тарихы мен музей ісінің теориялық-әдіснамалық проблемаларына арналған ЖАК тізбесіне кіретін басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалардың авторы.

Қоғамдық қызмет:

  • «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының мүшесі
  • ҚР БҒМ жанындағы «Оқулық» республикалық орталығының сараптамалық кеңесінің мүшесі
  • БСҚТҚА сарапшысы
  • Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресінің мүшесі
  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы мұражай ісі жөніндегі көркемдік кеңесінің мүшесі
  • Солтүстік Қазақстан облысы онамастика комитетінің мүшесі

Өзінің еңбек қызметі барысында келесі ведомстволық және үкіметтік сыйақылармен марапатталды:

  • «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2014 ж.)
  • «ЖОО үздік оқытушысы – 2014» төсбелгісі
  • «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2017 ж.)
  • Мемлекеттік сыйақы, «Шапағат» медалі (2017 ж.)
  • «Қазақ хандығына 550 жыл» мерейтойлық медалі (2015 ж.)
  • «Манаш Қозыбаев» мерейтойлық медалі (2016 ж.)
  • «Мағжан Жұмабаев» мерейтойлық медалі (2018 ж.)
  • Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ректорының алғыс хаты (2014)
  • ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р. Жақсылықовтың алғыс хаты (2015)
  • Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы М. Ақетайдың алғыс хаты (2015);
  • Құрмет грамотасы (2009), (2013)
  • Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасы (2018 ж.)