Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Кішірейтілген

Магистратура түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті

Биыл біздің университетті тәмамдаған 155 магистранттың 50-і ғана облыстағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты оффлайн дипломдарды тапсыру рәсіміне қатыса алды.

Іс-шарада жиналғандарға университет басшылығы мен туған-туысқандары жылы лебіздерін білдірді. Басқарма Төрағасы-Ректор Ерлан Шуланов түлектерге алдағы мансабында табыс, жастар өзінің кәсіби пікірін қалыптастыруды үйренуді және ақ жол тіледі.  Сондай-ақ, түлектерге бір орында тоқтап қалмай, үнемі оқуды жалғастырып отырудың маңызды екендігін, айтты. Бітіруші магистранттар өздерінің ұстаздары мен тәлімгерлеріне алғыстарын білдіріп, біздің университеттің түлегі атағын мақтанышпен алып жүруге уәде берді!

Биылғы жылдың салтанатты рәсімінің ерекшелігі-түлектер алғаш рет Kozybayev University-нің жеке үлгісіндегі дипломын алып отыр. Ол толығымен еуропалық стандарттарға сәйкес жасалған және 7 қорғаныс дәрежесіне ие. Биыл жоғары оқу орнын 1830 түлек бітіреді. Бакалавриат бойынша-1632 адам, оның 375-і қызыл диплом алады. Факультеттерде диплом табыстау рәсімі онлайн форматта өтіп, ЖОО тәмамдағаны туралы құжатты қызмет көрсету және студенттерді тіркеу орталығында ала алады.

16.07.2021