Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Жеке үлгідегі дипломдар

2021 жылдан бастап Қазақстанның ЖОО жеке үлгідегі дипломдарды бере бастайды. Жоғары білім туралы құжаттар ҚР БҒМ талаптарына сәйкес болуы тиіс. Онда университет, білім беру бағдарламасының атауы, түлек туралы мәліметтер, оқу нысаны көрсетіліп, ректордың қолы болуы керек.

Kozybayev University еліміздегі алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып, өз үлгісіндегі дипломдарды әзірлеуді бастады. Биыл біз оларды алғаш рет түлектерімізге тапсырмақпыз.

Құжат еуропалық стандарттарға сәйкес жасалған және A4 форматқа ие. Қосымшалармен бірге ол арнайы конвертке салынатын болады. Үздік ерекше дипломда жазулар, ою– өрнек пен қызыл түсті мөр болады. Бұрын мөрдің түсі көк болатын еді. Бланкілерді дайындауды ҚР Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы арнайы қағазды дайындады, онда қолдан жасаудан қорғайтын негізгі элементтері бар.

Құжатта бірнеше қорғаныс белгілерін байқауға болады. Микромөр және микромәтін, көзге көрінбейтін мөр, бағалы қағаздарды қорғау үшін қолданылатын тангир торы. Бұдан басқа, кезектесетін эксклюзивті сутаңба, ашық және күңгірт реңкте ұлттық ою-өрнек пен "Каz", "QAZ" жазулары ойылған. Сондай-ақ, ультракүлгін сәулелерде қызыл және көк түстермен анықталатын қарапайым көзге көрінбейтін микроталшықтар қолданылады. Дәл осылай құжаттың төменгі жағында "Kozybayev University" деген жазуды көруге болады.

Әр дипломға ҚР БҒМ жасаған бірегей сәйкестендіру нөмірі берілген. Барлық нөмірлер ұлттық білім беру деректер базасында сақталады және нақты студентке бекітіледі. Бұл кез-келген уақытта дипломның түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді. Дипломның төменгі оң жақ бұрышына орналастырылған QR кодымен растауға болады. Барлық құжаттарда институционалды аккредиттеуді растайтын белгіше бар. Ал ASIIN халықаралық агенттігінде мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру бағдарламалары қосымша тиісті белгімен жабдықталған.

 

14.07.2021