Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

COVID-19 қарсы вакцина алған студенттер мен қызметкерлерді ынталандыру жұмыстары жүргізілуде

Қозыбаев университетінің қызметкерлері мен студенттері COVID-19-ға қарсы екпені белсенді түрде алып жатыр. Университеттің денсаулық сақтау пунктінде күн сайын вакцинация пункті жұмыс істейді. Covid-19-ға қарсы вакцинасын толық алған білім алушыларды материалдық көтермелеу мақсатында мынадай бонустар көзделген:

Студенттерге:

- Университет бассейніне немесе жаттығу залына 12 сабаққа тегін абонемент;
- Бірінші 1 мың студентке 7%, қалғандарына 1 -ші семестрге (ақылы негізде оқитын студенттерге) 5% жеңілдік;

Қызметкерлер мен ПОҚ үшін:
- Университет бассейніне немесе жаттығу залына 12 сабаққа тегін абонемент;
- Екпе алған бірінші 100 адамға 5 күн көлемінде, ал, қалған вакцина алушыларға  3 күн  демалыс беріледі.

12.07.2021