Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университетінде шығармашылық емтихандар өтті

«Музыкалық білім беру», «Мәдени-тынығу жұмысы», «Журналистика», «PR журналистика», «Дизайн», «Дене шынықтыру және спорт» сияқты білім беру бағдарламаларына оқуға түсу үшін, сонымен қатар қосарлы  «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» мамандығына оқуға түсем дейтін талапкерлерге екі шығармашылық емтихан тапсыруға тура келді. Олар білім ордамызда 8-13 шілде аралығында өтті. Жалпы университетімізде барлығы 245 талапкер шығармашылық емтихан тапсырды.

Университеттің спорт залдарында болашақ жаттықтырушылар мен дене шынықтыру мұғалімдері өз мамандандықтары бойынша сынақ тапсырды. Олар спорттың кез-келген түрін өздері таңдай алады: жеңіл атлетика, жекпе-жек түрлері, волейбол, баскетбол және т.б. Екінші күні «Жастар» стадионында жалпы дене дайындығы бойынша стандартты емтихандарды қабылдау өтті. Атап өткен жөн, үміткерлер қатарында тек мектептер мен колледждердің түлектері ғана емес, сонымен қатар спорт шебері немесе спорт шеберіне үміткер атағы бар талапкерлер қатысты.

«Музыкалық білім беру» бағдарламасына қатысуға үміткерлер екі күн ішінде комиссияға өздерінің дарыны мен қабілеттерін көрсете білді. Музыкалық аспапта ойнап, әндерді акапелла орындап шықты. Бірақ болашақ дизайнерлер, журналистер мен мәдени-тынығу жұмысы саласындағы мамандар ZOOM платформасында онлайн режимінде сынақтарын тапсырды.

12.07.2021