Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Агротехнологиялық факультетінің ғалымдары 30 млн теңгеден екі жобаны іске асыруға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің гранттық қаржыландыруына ие болды

Біздің ғалымдарымыз көп компонентті жайылымдық алқаптарды құру үшін ресурс үнемдеуші технологияларды әзірлеуі және СҚО жағдайында бір жылдық және көп жылдық жемшөп дақылдарынан шабындық-жайылымдық конвейерді құрулары қажет. Бұл жобаға 30 млн теңге қаражат бөлініп отыр. Ол АФ деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Алтын Шаяхметованың басшылығымен жүзеге асырылады. «Север Жарс» ЖШС-де далалық зерттеулер жүргізіледі. Жобаны іске асыру барысына оқытушылар мен студенттер атсалысатын болады.

Қазақстанның далалы және орманды дала аймақтарында жер бедері мен жер асты су ресурстарын тиімді пайдалану негізінде зерттеушілер өңір шаруашылықтарына бір жылдық және көп жылдық дақылдардан толыққанды жем-шөп өндіру бойынша азықтық шөптер мен шабындық-жайылымдық конвейерлерді барынша тұрақты үйлестіре отырып, көп компонентті жайылымдарды құрудың қорды үнемдейтін технологияларын ұсынады.

Сондай-ақ, бағдарламаны іске асыру кезінде алынған білім мен нәтижелерді ауыл шаруашылығы құрылымдары, ғалымдар қауымдастығы және қалың жұртшылықпен бөлісу бойынша іс-шаралар жоспарланған.

ҚР АШМ 30 млн. теңге көлемінде гранттық қаржыландыру алған тағы бір жоба-«Қазақстанның түрлі табиғи-климаттық аймақтарына арналған бейімделген ресурс-энергия үнемдеу және сандық технологияларды қолдану негізінде сүтті мал шаруашылығында ұстау, азықтандыру, өсіру және молықтыру технологияларын әзірлеу». Ғылыми жетекшісі -  «Азық-түлік қауіпсіздігі» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Күлбарам Баязитова.

Сүтті малды қоректендіру мал шаруашылығының маңызды бөлігі болып табылады, өйткені жануарлардың жағдайы, сүт шығымдылығы экономикалық орындылығы дұрыс таңдалған тамақтандыруға байланысты. Азық-түлікті конверсиялау мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің оның өзіндік құнына әсер ететін маңызды бөлігі болып табылады.

Сондықтан, осы зерттеудің мақсаты- Қазақстанның солтүстік өңірінің шаруашылығында таза салмағы 310-350 кг болатын асыл тұқымды төлді азықтандыру мен өсірудің ғылыми-негізделген технологиясын әзірлеу және оны одан әрі өндіріске енгізу. Ол СҚО Ақжар ауданы , Дәуіт ауылы, «Бекет» ФҚ-да жүзеге асырылады. Азықтың, сүттің сапасын бағалау және қанды зерттеу үшін зертханалық жабдықтар сатып алу жоспарланған.

Екі жоба да біздің өңір үшін аса өзекті және 3 жылға жоспарланып отыр. Осы уақыт ішінде зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу, нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда мақалалар шығару, БҒСБК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда жарияланымдар шығару, әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, патенттерге өтінімдер дайындау жоспарлануда.

 

28.06.2021