Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттермен кездесті

Ел Президентінің салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап жастар саясаты еліміздің басты басымдықтарының біріне айналған. Осы бағытта мемлекет тарапынан жүйелі жобалар жасалуда. «Серпін» әлеуметтік жобасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың бірі болып саналады. Қазір халықтың жобаға деген қызығушылығы күн санап артып келеді. Бағдарлама аясында оңтүстік өңірдің жастарын еліміздің солтүстігіндегі облыстарда оқып, білім алуға мүмкіндіктер жасалды. Осы уақыт аралығында еліміздің Оңтүстік өңірлерінен мыңдаған жас Солтүстік Қазақстан облысына көшіп, түрлі маман иелері атануға тырысып жатыр.

Осыған орай, СҚО әкімі Құмар Ақсақалов  университет қабырғасында студенттермен арнайы кездесіп, олардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Негізгі талқыға салынған тақырыптардың бірі жұмысқа орналасу мәселесі болды. Сондай-ақ, жобаға қатысу шарттары, оқу орындары мен мамандықтар, білім гранттарының қалай бөлінетіндігі төңірегінде болды.

Бұл әлеуметтік бағдарламаның маңызы зор. Біздің облысымызда кадр тапшылығы байқалады. 2014 жылдан бастап 2000-ға жуық студент университетіміз бен колледждерде білім алып жатыр. Оның 955-і оқуды аяқтап, олар педагогикалық мамандық, ауыл шаруашылық саласы, техникалық және басқа да мамандықтар бойынша диплом алып отыр. Бүгінде «Серпін» бағдарламасы бойынша 825 студент университетімізде оқып жатыр. Биыл 237 студент оқуды аяқтап, 77 білім алушылар жұмысқа орналасты. Ал 92 студент әрі қарай магистратураға оқуға түспек. Демек, биыл да «Серпін» жобасы қанатын кеңге жайды деген сөз.

«Барлық студенттер жатақханамен қамтамасыз етілген. Әлбетте, оқуды аяқтағаннан кейін біз түлектердің облысымызда қалып еңбек етуге шақырамыз, сондай-ақ, жұмысқа орналастыруға көмек беретін боламыз. Сонымен қатар, заманауи 73 зертхана тұрғызылатын болады. Қазіргі таңда әлемдегі ең үздік университеттерінің бірі Аризон университетімен тығыз байланыс орнатып отырмыз. Жуырда бірінші делегациясы келіп кетті. Алдағы уақытта, тағы бір жоғары оқу орны ашылмақ»- деп өңір басшысы атап өтті. Аталған бағдарлама бойынша мемлекеттің қамқорлығын көрген жастардың барлығы еңбекпен қамтылуда.

Кездесуге Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының өкілдері және жұмыс берушілер қатысты, олар студенттерді бос жұмыс орындарымен таныстырды. Мәселен, бүгінде Петропавл электротехникалық зауытына 100 маман қажет. Оған университеттің 17 студенті жіберілді. Сондай-ақ, бүгінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша кадрларға деген қажеттілік шамамен 600 адамды құрап отыр.

28.06.2021