Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университетіне оқуға түсетін талапкерлерді қабылдау басталды

Жоғары оқу орнына бакалавриатқа түскісі келетін талапкерлердің  құжаттарын  қабылдау 20 маусымнан басталды. Білім беру бағдарламаларын таңдаған үміткерлер үшін:
-шығармашылық бағытта білім алғысы келгендер үшін өтініштерді қабылдау 7 шілдеге дейін, арнайы емтихандар тапсыру - 8 мен 15 шілде аралығында;
-педагогикалық бағыт бойынша оқуға түсуге ниеттілер үшін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 12 шілде, арнайы емтихандар - 20 маусым мен 24 тамыз аралығында;
-«Денсаулық сақтау» бағыты бойынша үміткерлер үшін өтініштерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 24 тамыз, арнайы емтихандар - 20 маусым мен 24 тамыз аралығында өтеді.

Шығармашылық мамандыққа түсетін талапкерлер университетке келіп, емтихан тапсыруы керек. Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы бойынша 2 пән бойынша тапсырады. Шығармашылық емтихандар бағдарламасы университетіміздің сайтында жарияланған.

Сондай-ақ,  медициналық мамандықтар бойынша тестілеуге қабылдау басталды. Бұл мамандық бойынша емтихандар оффлайн және онлайн режимінде өтеді. ЖОО-ға кемінде 50 балл жинаған техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар түлектер қабылданады. Ақылы бөлім үшін және «Педагогика» саласында кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» білім беру саласында - 70 балл, Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы - оқыту тілі 5 ұпайдан кем болмауы тиіс.

Грантқа оқуға түсу туралы өтініш 2021 жылдың 13 шілдесінен 20 шілдесіне дейін қабылданады.

Шекті деңгейден өте алмаған (50 баллдан төмен) талапкерлердің қайта тестілеуге қатысуы үшін құжаттарды қабылдау 25 шілдеден 3 тамызға дейін, ал ҰБТ мен КТ 15-19 тамыз аралығында өтеді.

1 маусымнан 15 шілдеге дейін магистратураға арналған КТ қатысуға өтініш бере аласыз. Ол 20 шілдеден 10 тамызға дейін жалғасады. Шығармашылық емтихандар университетте 16-25 шілде аралығында өтеді.

Докторантураға магистр дәрежесі және кемінде 9 ай жұмыс өтілі бар адамдар қабылданады. КТ-ға қатысу үшін университеттегі докторантураға өтініштер Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы 3 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданады.

Оқуға түсу кезінде талапкер университетпен білім беру қызметін ұсыну туралы келісімшарт жасасады. Оны онлайн режимінде https://entrants.nkzu.kz платформасындағы жеке кабинет арқылы жасауға болады. ЭСҚ көмегімен немесе «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы немесе оффлайн режимінде құжаттарды қабылдау комиссиясында рәсімдеу кезінде екіжақты келісімге келеді.

 

21.06.2021