Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университетіндегі білім беру жүйесінің жаңа деңгейі

Биылдан бастап Қозыбаев университетінің түлектері ЖОО бітіргені туралы халықаралық стандарт бойынша орындалған жаңа үлгідегі диплом алады. Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішін 92-93% деңгейіне дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма төрағасы - Ректор Ерлан Шұланов мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол университет облыс әкімдігінің қолдауымен бітіруші студенттердің жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етпек. Ол үшін өңір кәсіпорындарының басшыларымен қоян-қолтық жұмыс істеп келеді.

"Серпін" бағдарламасының түлектеріне ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл бұл жоба арқылы оқуды 237 студент аяқтайды. Білім алушылардың  әрқайсысы облыстық кәсіпорындардан ұсыныс алады.

Медициналық мамандықтағы түлектерді де жұмысқа орналастыру сапалы ұйымдастырылған. Сәуір айында облыстық ауруханалар мен емханалар басшыларының қатысуымен іріктеу  жүргізілді. Интернатураны 21 адам аяқтайды. ЖОО білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша үнемі белсенді жұмыс істейді. "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингісіне сәйкес университеттің 20 ББ ел бойынша үздік ондықтың қатарына енді. Бұған, әрине, мықты профессорлық-оқытушылық құрамсыз қол жеткізу мүмкін емес.

Биыл біздің 2 оқытушымыз Қазақстан Республикасындағы "жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын алды: Татьяна Ратушная, PhD докторы, ИжСТ деканы, сондай-ақ PhD докторы, доцент Тоқтар Мұрат. Сонымен қатар, ол ҚР БҒМ 7,6 млн.теңге көлемінде "биокөмірдің сілтісіздендірілген қара топырақты, топырақтың құнарлылығына және жаздық бидайдың шығымдылығына әсері" атты ғылыми грантын жеңіп алды. Сондай - ақ,  ғылыми гранттарды Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, PhD докторы Гүлмира Мұхаметжанова - 38 млн тг және "Математика және информатика" кафедрасының доценті, PhD докторы Светлана Луцак-50 млн тг көлемінде грант ұтып алды.

Біздің ғалымдар өңір үшін маңызды мәселелер бойынша зерттеулер жүргізеді. Бүгінгі күні Петропавл маңындағы биосынамадан күкіртсутектің шығарындылары мәселесін шешу өзекті болып отыр.

Басқарма басшысының мәліметінше, "2016 жылы университет базасында химия кафедрасының доценті Ирина Голодованың жетекшілігімен бір топ ғалымдар суды тазарту бойынша ғылыми технологияны коммерцияландыру жобасын бастады. "Биопруд" су жинағыш-су қоймасын альголизациялау бойынша қызметтерге "судың ғылыми-технологиялық орталығы" ЖШС-мен шарт жасасу қажеттілігі туралы қорытынды жасалынды.

Айта кетейік, «Судың ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС біздің университет базасында 2016 жылы ашылған. Қазіргі уақытта осы технологияны қалалық биосынаманы тазарту үшін пайдалану мәселесі пысықталып жатыр. Бұл ғылыми технология ЖОО зертханасында теңсеріліп, содан кейін өңірдің игілігі үшін жұмыс істейтін нақты кәсіпорындарға айналған барлық ғалымдар үшін жақсы үлгі."

Университет беделінің негізгі көрсеткіштерінің бірі - шетелдік студенттердің болуы. Бізге түрлі елдердің студенттері сенім білдіріп, Қозыбаев университетіне оқуға түсіп жатыр. Бүгінде бакалавриатта 10 мемлекеттен 365 студент оқиды. Сондай-ақ, "Биыл университеттің ТЭжҚ факультет базасында сертификаттау орталығы ашылды, ол студенттерге өзінің академиялық бағдарламасы шеңберінде ЖОО дипломынан басқа 1С-бухгалтерия кәсіби сертификатын алуға мүмкіндік береді. Бұл жоғары оқу орындары базасында Қазақстандағы алғашқы осындай сертификаттау орталығы болып отыр. Біз өзімізге мұндай орталықтарды көптеп ашуды мақсат етіп отырмыз", - деп атап өтті Басқарма Төрағасы-Ректор Ерлан Шұланов.

 

10.06.2021