Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Академиялық қызмет департаменті директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы

"М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" КЕАҚ Академиялық қызмет департаментінің директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Лауазымға қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымында басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

  • өз құзыреті шеңберінде білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету;
  • университеттің академиялық қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды жүзеге асыру;
  • университеттің академиялық саясатын әзірлеуге қатысу;
  • университетте инновациялық технологияларды және оқытудың жаңа әдістерін енгізу жөніндегі қызметті үйлестіру;
  • ПОҚ педагогикалық (оқу) жүктемесін оңтайлы бөлу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
  • ПОҚ педагогикалық жүктемесінің, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • университеттің академиялық күнтізбесін әзірлеу;
  • элективті пәндер каталогын әзірлеуді бақылау;
  • академиялық комитеттердің қызметін бақылау;
  • жаңа оқу жылына дайындық туралы бұйрық дайындау және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
  • өткен жылғы Университет қызметі туралы есепті дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • жұмыс жоспарларының және АҚД жұмысы туралы есептердің уақтылы бекітілуін қамтамасыз ету;
  • АҚД-да кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асыру және басқа да функциялар лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

3) өмірбаяны;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының көшірмесі;

6) н075/у медициналық анықтамасы;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

Бос лауазымдарға өтініш беру мерзімі хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Пушкин көшесі, 86, № 2 корпус, № 219 кабинет, телефон 8(7152) 369468.

09.06.2021