Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өкілдерінің Қозыбаев университетіне сапары

Солтүстік Қазақстан облысында Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин бастаған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің көшпелі сессиясы өтті.

Жұмыс сапары барысында ҰҚСК өкілдері облыстағы бірқатар нысандарда аралап, Қозыбаев университетінде де болып қайтты. «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығы» ҚҚ жетекшісі Гульмира Илеулова, Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Шибутов, «Альтернатива» заманауи зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев және ҰҚСК хатшысы Найла Алмұхамедова 11 қабатты жаңа оқу ғимаратының құрылыс барысымен танысты. Оған ең жаңа технологиялармен жабдықталған 70-тен астам зертхана кіреді. Мұнда ең алдымен Медицина Жоғары мектебінің, Инженерлік және цифрлық технологиялар факультетінің және Агротехнология факультетінің студенттері білім алады. Студенттер алған білімдерін практикалық біліммен ұштастыра алады. Олар заманауи қондырғыларда тәжірибелерін жетілдіре алады. Бұл болашақ білікті мамандар үшін маңызы зор.

«Университет Германиялық «CLAAS» компаниясының зауытымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Кәсіпорын ашылған кезде университет базасында сертификаттау орталығы болады. Біздің ЖОО тәмамдаған соң, түлектер тек дипломмен ғана емес, сонымен бірге аталмыш компания қолданатын жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын растайтын сертификатқа ие бола алады», - деп атап өтті Басқарма Төрағасы- Ректор Ерлан Шуланов.

Делегация университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесіп, Қозыбаев университетінің негізгі жұмыс бағыттарын талқылады. Ал, академиялық сауалдар жөніндегі Басқарма мүшесінің м.а. Жанар Таласпаева университетіміздегі «Серпін» бағдарламасы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, Ғылым және инновациялар жөніндегі Басқарма мүшесінің м.а. Ақмарал Ыбыраева  университеттің ғылыми қызметін дамыту жоспарларына ерекше назар аударды.

02.06.2021