Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту - жас ұрпақтың ортақ міндеті

Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі– миллиондаған адамның өліміне әкеп соққан жаппай саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықты еске алу күні.  Жоғары оқу орнымызда "Cаяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысын ұйымдастыру және өткізу" атты дөңгелек үстел өтті.

Осыдан бір жыл бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Оның құрамына ҚХА кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная кірді.

Әр облыста аймақтық комиссиялар құрылып, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру бойынша мұрағаттардағы тыңғылықты жұмыстарды бастап кетті. Солтүстік қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов өңірлік комиссияның бүгінгі міндеті- жала жабылып, өлім жазасына кесілген азаматтарды толық ақтап шығуымыз қажет екенін атап өтті.

Конференцияда осы бағыттағы жұмыстардың қорытындылары жарияланды. Саяси құрбандарды оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссия жобалық кеңсесінің қызметкері Ажар Рахымбекова жиналғандарды осындай жұмысты ұйымдастыру әдіснамасымен таныстырды. "Қайта құру кезеңінен бастап және ҚР Тәуелсіздік алғаннан бері жазықсыз құрбандарға қатысты көптеген жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда елде ақталмаған адамдардың ресми саны-13 187 адам. Бұл тек қылмыстық іс жүргізу істері рәсімделген азаматтар тізімі. Бірақ құжаттық растаусыз атылған басқа да адамдар бар: аштықтан қырылғандар, көтерілістерде қаза болғандар, күштеп жер аударылғандар, ұжымдастыру құрбандары және т.б. олардың есімдері де ұмытылмауы тиіс", - деп атап өтті ол.

Іс-шарада 1917-1930 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістерге қатысушыларды, 1939-1945 жылдары фашистік Германия, Финляндия және басқа да Еуропа елдерінде қазақстандықтардың әскери тұтқындарын, депортацияланған халықтар мен арнайы қоныс аударушыларды, дәстүрлі дін өкілдерін оңалту жөніндегі тақырыптар көтерілді.

31.05.2021