Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Студенттермен "Оpen space" форматындағы кездесу өтті

Университет басшылығы студенттермен "Оpen space" форматындағы кездесулері әрқашан шынайы қызығушылық тудырады. Бұл жай ғана кездесу емес. Себебі мұнда  білім алушылар өз тілектерін, талаптарын немесе сұрақтарын жеке айта алады.

Басқарма Төрағасы-Ректор Ерлан Шуланов білім алушылармен бейресми жағдайда сөйлесті. Студенттерді волонтерлік қозғалыс, МЖМ-ның жұмыс істеуі, "Foundation" факультетіне түсу шарттары және т.б. тақырыптар қызықтырды. Сондай-ақ, білім алушылар тұрақты негізде жұмыс істейтін университетте пікірталас клубын ашуға мүдделі. Бұл ұсыныс ректордың көңілен шығып, қолдады.

Сонымен қатар, Ерлан Шуланов Қазақстан жастарының конгресіне қатысу тәжірибесі туралы айтып, білім алушыларды  Қозыбаев университетіндегі "тик-ток" парақшасы сияқты өз бастамаларын дамытудан қорықпауға шақырды. Кездесудің маңызды тақырыбы біздің оқу ордамыздағы оң өзгерістер. Бұл 11 қабатты оқу корпусының құрылысы, жаңа мамандықтардың ашылуы, студенттік кампусты жетілдіру, материалдық және зертханалық базаларды жаңарту. Студенттер кездесудің соңында алған әсерлерімен бөлісті.

Айта кетсек, "Open space" ауқымды жобасы ЖОО-да "Sanaly urpaq" жобалық кеңсесімен жүзеге асырылуда. Бұл ретте ректор басшылығымен жанды қарым-қатынас арқылы ақпарат алуға мүмкіндік береді, университетте адал және парасатты ортаны қалыптастырады. Бұл өзара ара қатынас, жастардың белсенділігі мен жоспарларды іске асыру, сондай-ақ, ашық кеңістікте білімгерлердің қайталанбас идеяларын жаңғырту үшін тиімді.

31.05.2021