Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

MediaLitFEST 2021

Қазіргі қоғамды трансформациялау жағдайында медиа сауаттылықты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет онлайн режимде "MediaLitFEST" фестивалі өтті, оған Kozybayev University студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері белсенді қатысты.

Іс-шараны Қостанай облысы кітапханашылар қауымдастығы ұйымдастырды. Фестиваль қатысушылары бірегей шеберлік сағаттар, сессиялар, ойындар мен түрлі байқаулардың арқасында әлеуметтік желілерге арналған заманауи медиа-форматтар, "сторителлинг" деген не, фейктерді қалай тануға болатыны туралы және т.б. ақпараттармен танысуға мүмкіндік алды.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің инспекторы Динара Сағандықованың "Медиа ортадағы құқықтық сауаттылық аудиторияның сенімінің кепілі ретінде" атты дәрісі қатысушылардың ерекше ықыласына бөленді. Спикер, әлеуметтік желі пайдаланушыларының қандай құқықтары бар және оны бұзған жағдайда не істеу керек екендігін айтты.

"Журналистика" кафедрасының меңгерушісі Айсұлу Шайкенова визуалдаудың негізгі тәсілдері мен құралдары туралы деректер келтірді. Фестивальге тәжірибелі журналистерден бастап мектеп оқушыларына дейін барлығы 100-ден астам адам қатысты.

31.05.2021