Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Ғылыми грантын алуыңызбен құттықтаймыз!

Агрономия және орман шаруашылығы кафедрасының доценті, РhD доктор Тоқтар Мұрат 7 625 016 теңге көлеміндегі ҚР БҒМ  грантын жеңіп алды.

Байқау ғылымды дамытудың бірнеше басым бағыттары бойынша өтті. Тоқтар Мұрат «Биокөмір сілтісіздендірген қара топырақ жердің құнарлылығына әсері және бидайдың шығымдылығына әсері» тақырыбында жоба ұсынды. Оның жұмысының негізгі мақсаты– Солтүстік Қазақстан жерінің топырағы мен экологиялық жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, биохимияның сілтісіздендірген  қара топырақтарының қасиеттеріне және олардың құнарлылығына әсерінің тиімділігін зерттеу.

«Солтүстік Қазақстан облысының республикада дәнді дақылдардың өсуі мен өндірісі үшін үлкен әлеуеті бар. Астықтың көлемін ұлғайту және сапасын арттыру мақсатында топырақтың құнарлылығын сақтау және жақсарту бойынша жұмыстар жүргізу негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселені зерттеудің өзектілігін анықтайды», - деді Тоқтар Мұрат.

7 млн аса қаржат  Web of Science ғылыми журналдарында және (немесе) Scopus деректер базасында, сондай-ақ, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда мақалалар жариялап, экспедициялық және зертханалық зерттеулер мен ғылыми тағылымдамалар жасау үшін қарасырылған.

27.05.2021