Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«Мағжан оқулары – 2021: Ұлы даланың рухани мұрасы»

Мағжан Жұмабаев- әлемдік мәдениеттің ұлы дарыны. Біздің университетте әйгілі жерлесіміздің шығармашылығын зерттеуге үлкен көңіл бөлінеді.

«Мағжан оқулары– 2021: Ұлы даланың рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция Қазақстанның, сонымен қатар, Түркияның ғалымдары мен әдебиет сыншыларын және қоғам қайраткерлерін біріктірді. Ғылым және инновациялар жөніндегі Басқарма мүшесінің м.а. Ақмарал Ибраева іс-шара қонақтарын құттықтап, М.Жұмабаевтың әлемдік әдебиетке қосқан ерекше үлесін атап өтті. Ақынның мұрасы бүкіл түркі әлемі үшін ерекше құнды. ХХ ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, ақынның мерейтойына орай Халықаралық Түркі мәдениеті , тіпті 2018 жылды Мағжан Жұмабаев жылы деп жариялаған еді.

Конференцияға сонымен қатар, Стамбул, Тоқат, Ардахан қалаларындағы түрік университеттерінен бетке ұстар тұлғалары қатысты. Ардахан университетінің профессоры Аябек Байниязов «Мағжан Жұмабаев және еркін әдебиет» баяндамасын ұсынды, ал, Стамбул университетінің оқытушысы Ораз Сапашев Мағжан Жұмабаевтың Түркиядағы шығармашылығын зерттеу жайлы сөз қозғады.

Қазақ халқының ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Шолпан» атты 19 жасында жазған алғашқы өлеңдер жинағы 1912 жылы Қазан қаласында жарық көрді. Мағжанның замандастары оның батылдылығына тәнті болған. Мағжан ерекше дарын иесі. Сол себепті, ол өз дәуірінің ақындарынан озып шықты.

Шарада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Темірғали Есембеков Мағжан Жұмабаевтың поэтикалық әлемі туралы айтып өтті. Конференцияда олар Мағжан поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктер, тіл құдіретінің образ жасаудағы икемділігі және қаламгердің сөз таңдауы талқыланды.

27.05.2021