Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қоғам қайраткері Мұрат Әбеновпен «Серпін» бағдарламасы бойынша студенттермен кездесу өтті

2014 жылдан бастап М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылуда. Бұл жоба бүгінде еліміздегіең танымал әлеуметтік бастамалардың бірі болып саналады. Қазір халықтың жобаға деген қызығушылығы орасан зор. Мемлекеттік бағдарлама жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету қарқындылғын жоғарлатады.

«Серпін» бағдарламасы бойынша оқу ордамызда 825 жас білім алса, биылғы оқу жылында 90 студент оқуға түскен. Демек, биыл да «Серпін» жобасы қанатын кеңге жайды деген сөз. Алайда, білім алушылардың көкейінде жүрген біршама  сауалдар әлі де бар. Олар, әсіресе, жобаға қатысу шарттары, оқу орындары мен мамандықтар, білім гранттарының қалай бөлінетіндігі төңірегінде.

Сол себепті Мұрат Әбенов университет қабырғасында студенттермен арнайы кездесіп, олардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Жиі қойылған сұрақтардың бірі жұмысқа орналасу мәселесі.

«Бірінші кезекте, «Серпін- білім және иновация» палатасы осы бағдарлама бойынша оқып жатқан студенттердің құқықтарын қорғау, жағдайларын қадағалау мәселелерін шешуге көмектесеміз. Біреулері ауылға оралғылары келсе, енді бірері Солтүстік аймақта жұмыс тапқылары келеді. Көбінесе студенттер үшін техникалық мамандықтар қиынға соғады. Биылғы жоспар бойынша жұмыспен қамту мәселесін Республикалық деңгейге көтермекпіз»-деді Мұрат Әбенов өз сөзінде.

Солтүстік Қазақстан облысына арнайы келген Мұрат Әбенов  университетімізде оқып жүрген студенттердің жағдайымен танысып, шағын әңгіме өрбітті. Оқу ордасында «Серпін» бағдарламасы бойынша жылда оңтүстік өңірлердің түлектеріне кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізеді.

Айтып өткен жөн, «Серпін» бағдарламасы Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарының жастарына бағытталған. ҚР Еңбек тапшы аймақтарындағы кадрлардың орнын толтыруға бағытталған аталған бағдарлама СҚО-да түлектерді жұмысқа орналастыруды көздейді. Кездесу барысында Мұрат Әбенов студенттердің алдағы жоспарларына сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірді.

24.05.2021