Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университеті ҚазЕжӨШҒЗИ ғылыми жобасына қатысты

Университеттің агробиологиялық станциясында АФ оқытушылары мен студенттері Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (Алматы қ.) әріптестерімен бірлесіп, молекулярлық селекция мен биотехнология негізінде генетикалық сәйкестендірілген қасиеттері бар қант қызылшасы будандарын жасау бойынша тәжірибе жинақтады.

Ғылыми-зерттеу институты ұсынған тұқымдар 0,3 га жерге отырғызылды, ғалымдар СҚО-ның топырақ-климаттық жағдайларына неғұрлым төзімді тұқымдарын анықтап, оларды өндіріске енгізбекші. Фермерлер үшін мұндай дақылдан түсетін таза пайда гектарына 800- 850 мың теңгені құрауы мүмкін, деп атап өтті ғылыми қызметкерлер. Бұл өз кезегінде елдегі қант саласының дамуына әкелуі тиіс. Олар мұндай тәжірибелер Қазақстанның барлық өңірлерінде жасаған және қыркүйек айында оң нәтижелерге қол жеткізуге үміттеніп отыр.

Жобаға «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының агротехнологиялық факультетінің 12 студенті мен магистранты қатысады. Олар үшін қант қызылшасын өсіру тәжірибесі, отырғызу технологиясымен және әдістемесімен танысу, тыңайтқыштарды қолдану, эксперименттер жүргізу ғылыми мақалаларды дайындауда, магистрлік, дипломдық және курстық жұмыстарды жазуда пайдалы болады.

24.05.2021