Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қазақстанда тұратын Кәріс халқының өзіндік қайталанбас тарихы бар

Қозыбаев университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы іске асырып жатқан «Халықтану» білім беру лекторийы аясында студенттерге «Кәрістер» тақырыбында 3 тілде дәріс оқылды.

Дәрісті әзірлеуге және өткізуге ЖОО оқытушылары  қатысты. Сонымен қатар сырттан келген сарапшылар , Герман Ким- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Азиялық зерттеулер институтының директоры, Наталья Ем- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі, Алексей Хан- «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі СҚО филиалының төрағасы, Евгений Ким- Петропавл қ. «№ 17 ұлттық жаңғыру орта мектеп-кешені» КММ корей бөлімшесінің басшысы, Олег Синяков- Қоғамдық даму және ақпарат орталығы қызметкері белсене ат салысты.

Студенттер корей халқының тарихи мұрасымен танысты. Олардың назарына «кәріс» сөзінің этимологиясы, әлемдегі кәрістердің саны, шығу тегі, кәрістердің менталитеті мен дәстүрлі діни нанымдары, ұлттық мерекелер, салт-дәстүрлер, ұлттық тағамдардың ерекшеліктері туралы ақпарат ұсынылды.

Қазақстанда кәрістердің пайда болу тарихына, кәрістер қауымдастығының қызметіне, мемлекеттік академиялық кәріс театры мен «Коре ильбо» кәріс газеті мен№17 ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінің кәріс ұлттық бөлімінің қызметіне, Қазақстанның танымал кәрістерімен танысуға ерекше назар аударылды. СҚО көрнекті кәрістерінің бірі-жерлесіміз, білім ордамыздың бірінші проректоры, профессор Сим Феликс Алексеевич, университеттегі 3 оқу корпусындағы аудиторияға осы кісінің аты берілген. Шара барысында студенттер спикерлерге кәріс тілін үйрену, таэквондо жекпе-жегін түсіну және кәріс тағамдарын дайындау, және  академиялық ұтқырлық  мүмкіндіктері туралы көптеген сұрақтар қойды.

21.05.2021